Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?

Орталық Азия басқыншыларын Георгий лентасымен марапаттағаны туралы мәлімдемені әлеуметтік медиа (1, 2, 3) мен қоғам қайраткерлері ғана емес, тұрмыстық әңгіме кезінде қазақстандықтар да айтады. Атап айтқанда, осымен бірнеше жыл бойы 9 мамырда пабликтер мен кейбір баспасөз құралдары қазақстандық дизайнер Нұрлан Төрехановқа телінетін тезистерді (төмендегі суретте) жариялайды.

Бұл материалда Factcheck.kz редакциясы Георгий лентасы туралы желінің қазақстандық сегментінде тараған мәлімдеменің рас-өтірігін тексеріп, қазақстандықтардың осы символға деген көзқарасының қалай өзгергенін қарастырып көрді.

Мәлімдеме: Георгий лентасын II Екатерина Қырымдағы түріктерге қарсы соғыс кезінде жариялаған.

Үкім: Шындық және манипуляция

Шындығы неде: 1769 жылы II Екатерина Әулие Георгий ордені мен «үш қара, екі сары жолақтан тұратын жібек» Георгий лентасын жариялады. 1913 жылы лентадағы сары түсті қызғылт сары түспен алмастырды.

Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?
Әулие Георгий ордені: крест, жұлдыз, лента (иыққа таққан) және лента түстес орден тақтайшасы

Орденді ерлік не ақылды кеңес арқылы Ресей империясы игілігі үшін адалдық, батылдық пен парасаттылық танытқандарды мадақтау үшін армияда қызмет етіп жүргендерге берген. Орден я медальсіз лента өздігінен марапат саналмаған.

Манипуляциясы неде: Орыс-түрік соғысы — XVI-XIX ғасырларда Ресей* мен Осман империясы арасында болған әскери науқандар легі. Ресей империясы II Екатерина кезінде немесе шиеленістің басқа кезеңінде түріктермен соғыс жүргізді деу айтарлықтай дұрыс емес. Соғыстың негізгі мақсаты этникалық тазалау емес, басқыншылық не басқа елдің жерін басып алу болған. Сондай-ақ тарихта Осман империясы (1, 2) көпұлтты мемлекет болды. Онда түріктер, арабтар, татарлар, парсылар, күрдтер, еврейлер, римдер, гректер, армяндар, албандар, венгрлер және т.б. тұрған.

*(1721 жылға дейін — Ресей патшалығы)

Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?
Осман империясының жерінен айырылғаны көрсетілген карта. Картадағы даталар территорияның бөлінген уақытын көрсетеді

Сондай-ақ науқанға екі империя тұрғындары ғана емес, басқа мемлекет азаматтары да қатысқан (1, 2). Сәйкесінше, соғысқа тек түріктер қатысты не Осман империясындағы түріктерді нысанаға алды деуге негіз жоқ.

Мәлімдеме: Кейінірек орденді Түркістан жорығына қатысушыларға таратқан. «Орталық Азияға жорық» медалінің лентасы болған.

Үкім: Шындыққа жақын

Түркістан жорығына қатысушылар басқа наградалардан бөлек расымен Әулие Георгий орденін (1, 2, 3) ала-алған. «Орталық Азияға жорық» медаліне келсек, оларды Владимир лентасына қосылған Георгий лентасына таққан.

Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?
«Орталық Азия жорығы» медалі. Дереккөз: Патшалық Ресей наградалары сайты

Түркістан жорығы XIX ғасырдың екінші жартысында басталған. Жорыққа қатысқан ең танымал генералдар — фон Кауфман, Скобелев және Черняев.

Кауфман өз мансабында үш рет екінші, үшінші және төртінші дәрежелі Әулие Георгий орденімен марапатталған. Сондай-ақ қолбасшының «Қоқан хандығын бағындырғаны үшін» және «Хиуа жорықтары үшін» медальдары болған. Екі медальді де біріккен Георгий және Владимир ленталарымен таққан.

Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?
Владимир лентасына қосылған Георгий лентасы
Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?
Фон Кауфманның портреті. Суретте кішкентай және үлкен Георгий кресттері, сондай-ақ сол аттас жұлдыз байқалады
  • Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?
  • Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?

Литфонд аукцион үйінің дерегінше, жоғарыдағы суреттегі жұлдыз — түпнұсқа және оның музей құндылығы бар. Крест, өз кезегінде, түпнұсқаның көшірмесіне ұқсайды.

  • Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?
  • Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?

Дереккөздер: 1, 2

Генерал Скобелев те екінші, үшінші және төртінші дәрежелі Әулие Георгий орденімен марапатталған. XIX ғасырдың екінші жартысы бойынша әскери тарихшы Станислав Юдиннің История.рф порталына берген сұхбатындағы сөзінше, Скобелев бірінші крестті Түркістан жорығы кезінде «бірнеше жауды шауып өлтіргені үшін» алған.

Черняевтің кемінде бір Георгий кресті болғанға ұқсайды.

  • Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?
  • Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?

Қазақстандық тарихшылар Әулие Георгий орденін Наполеонға қарсы соғыста империя жағында болған қазақтар да алғанын айтады.

Мәлімдеме: Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Георгий лентасын Гитлер жағында соғысқа коллаборанттар таққан.

Үкім: Манипуляция

Ашық тарихи деректерде Георгий ленталарының Гитлермен коллаборацияға байланысы бар екені туралы мәлімет жоқ. Бірақ лентаны өте көп әскери таққанын ескерсек, солардың бірі коллаборант болуы әбден мүмкін. Осылайша, мәлімдемеде логика бұзылған: лентаны коллаборанттар емес, лента таққан адамдар коллаборанттар болып шығуы мүмкін.

Тарихшы Олег Будницкий Гитлер оккупациялаған КСРО жерінде Одақтың жартысына жуығы, атап айтқанда, 1939 жылғы санақ бойынша 88 млн адам тұрғанын айтады. Оның сөзінше, ешбір оккупациялаушы әкімшілік жергілікті халыққа сүйенбей сол жерлерді тиімді басқара алмайды. Осыны ескеріп, сондай-ақ Азаматтық соғыс, репрессия, жаппай қоныс аудару және ашаршылықтан кейін КСРО-дағы антисоветтік көңіл-күйді ескерсек, нацистік Германияның әскери құрылымдарында ерікті көмекші ретінде миллионнан астам кеңес адамдарының әріптестік орнатқаны таң қалдырарлық емес.

Патшалық билік кезінде Әулие Георгий орденімен жоғары әскери шенділер ғана емес, сарбаздар да марапатталған. ХХ ғасырдың басы Ресей империясы үшін екі бірдей ірі соғыспен есте қалды: орыс-жапон және Бірінші дүниежүзілік соғыс. Осыған орай Әулие Георгий ордені мен медалімен марапатталғандар саны да артты: 1914 жылдың өзінде соғысқа бірінші дәрежелі 1500, екінші дәрежелі 3 200, үшінші дәрежелі  26 мың және төртінші дәрежелі 170 мың крест жіберілген.

1917 жылғы 1 қаңтарға дейін Петроград ақша сарайында 1,5 миллионнан астам әртүрлі деңгейдегі Георгий кресті дайындалған. 1914-1917 жылдары 33 мың адам барлық төрт деңгей орденін алып, толық кавалер атанған. 1917 жылы патша отбасын атып тастаған соң және орден таратылған соң «жауынгерлік Георгийге» ие болу құрмет саналды. Кеңес маршалдары, бірінші дүниежүзілік соғыстың унтер-офицерлері Георгий Жуков, Константин Рокоссовский, Андрей Еременко және Родион Малиновский, бұрынғы кавалерлік вахмистр Семён Буденный толық кавалер болды және бұл туралы олардың ресми өмірбаяндарында айтылды.

Коллаборанттар арасында, оның ішінде генерал Власовтың «Орыс азат ету армиясы» қатарында Әулие Георгий ордені кавалерлері, ақ офицерлер де болған.

  • Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?
  • Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?
  • Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?

Бұдан Әулие Георгий орденімен марапатталғандар оны кеңес билігі кезінде де ашық таға алғанын, бұл награданы қанша адам таққанын және антикеңестік көңіл-күйдің көп болғанын ескерсек, гитлер әскерінің коллаборанттары арасында Орден кавалерлері де болуы ғажап емес.

Мәлімдеме: Кеңес (гвардиялық) лентасын (ресейліктер) Георгиялық деп өзгерткен

Үкім: Шындық

Ашық дереккөздерден Георгий лентасын 2005 жылы «РИА «Новости» агенттігінің интернет-жобалар жөніндегі директоры Наталья Лосева мен оның әріптестері ойлап тапқанын білеміз. Сұхбатқа қарасақ, идея авторлары фалеристика мен геральдика тарихын дұрыс білмеген, сондықтан Георгий лентасына бір-біріне ұқсамайтын екі символды қосып жіберген: императорлық Георгий және кеңестік гвардиялық лентаны.

КСРО гвардиялық лентасы  1941 жылы дивизияның әскери еңбегі үшін гвардиялық атағы беріле бастаған кезде енгізілген. Кейін бұл лентаны Даңқ ордені мен «Германияны жеңгені үшін» медальдарын рәсімдеу үшін қолдана бастаған.

Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?
Солдан оңға қарай: Даңқ ордені, «Германияны жеңгені үшін» медалі, «Берлинді алғаны үшін» медалі

Даңқ ордені қызыл әскер құрамындағыларды ерекше қызметі үшін марапаттау қажеттілігі туған кезде жарияланды. Орден Әулие Георгия орденінің толық аналогына айналды, бірақ бұл наградалардың идеологиялық ұқсастығы аз. Ал 1943 жылғы Жарлықта Георгий лентасы айтылмаған.

Уақыт өте келе гвардиялық лента КСРО-ның Ұлы Отан соғысындағы жеңісінің символына айналды.

1985 жылғы 9 мамырда Мәскеудегі Қызыл алаңдағы шеру, тарихи музей плакатты гвардиялық лентамен сәндеп жатыр

Заманауи Ресей символикасы осы кеңестік гвардиялық лентадан алынған, сондықтан қара-қызғылт сары лентаны Георгий лентасы деп атау геральдика мен логика жағынан алғанда дұрыс емес.

Әулие Георгий ордені Ресей Федерациясында 1992 жылғы 20 наурызда қайта қалпына келтірілді, ал статут 2000 жылғы 8 тамызда бекітілді. Алайда қалпына келтірілген орденнің Георгия лентасы симолына қатысы жоқ сияқты.

Қазақстандықтардың Георгий лентасына көзқарасы қалай өзгерді

Алдыңғы мәлімдемеде Георгий лентасын 2005 жылы «РИА «Новости» агенттрігі интернет-жобалары қызметкерлері танымал ете бастағанын білдік. Ұзақ уақыт бойы Қазақстан азаматтары, әсіресе, интернет кеңістікте лентаға бейтарап көзқараста болған. Мысалы, 2013 жылы Lada.kz сайтында жарияланған мақалада Ақтау әскери қызметкерлерінің жеңіс күнін қалай атап өткені айтылған. Ісшарада түсірілген суретте әскери формадағы қазақстандықтар лента тағып алған. Жалпы, 2006-2013 жылдары Google іздеу жүйесінен «Георгий лентасы Қазақстан» деген тіркес символды сынауға қатысты еш нәтиже шығармайды.

Алайда жағдай 2014 жылғы Қырым анексиясынан соң күрт өзгерген. Сол жылы лентаны қолдану туралы ірі даулар туындаған (1, 2, 3). Қазақстандықтардың бір бөлігі мереке құрметіне әлеуметтік желілердегі аватарына символдың отандық үлгісін қойып, соны таға бастаған. Оны жасаушылардың бірі азаматтық белсенді Қасым Аманжолұлы болды. Ол оны 2013 жылғы 31 мамырда саяси репрессия құрбандарын еске алу күніне орай жасаған.

Биылғы лентаны мата түрінде шығарған жоқпыз. Бірер ай бұрын Алматы қалалық ішкі саясат басқармасының басшылары Георгий лентасының орнына Қазақстанның көк туына сәйкес лента жасайтыны жөнінде уәде берген, қаражат табатын болып, арнайы байқау өткізетін болған. Бірақ оның бәрі жайына қалған сияқты.

Қасым Аманжолұлы, «Азаттық радиосы», 2014 жыл

Zona.kz интернет-газетінің сол жылғы материалынан Георгий лентасына қатысты пікірталас тудырғандардың бірі Айдос Сарым мен Жарқын Жұмәділов болғанын біле аламыз. Zona.kz Айдос Сарымның Facebook парақшасындағы жазбасынан (өкінішке орай, түпнұсқа өшірілген — ред.) цитата келтірген. Қазіргі депутат қазір тарап кеткен Қазкоммерцбанк қызметкерлеріне қарата жазған:

Георгий ленталарының еске алу мен Екінші дүниежүзілік соғысқа қандай да бір қатысы бар деп ойлайсыздар ма? Адамдардың басқа мемлекет бастама болған мұндай акцияларға көзқарасы әртүрлі екенін ескересіздер ме? Бұл лента Украина жерін оккупациялау символына айналғанын ше? Басқалардың тәжірибесі мен дәстүрін көз жұмып көшіруді қоятын кез келген жоқ па? Қатары артып жатқан, кейін басымдыққа айналатын клиенттердің де пікірін ескеру керек емес пе? Меніңше, банктер (армия, полиция секілді) саясаттан алыс болуы керек. Ал ленталарды ілу және оны тарату қазіргі таңда таза саясат болып отыр. Жылдам жауап бересіздер деп күтемін.

Zona.kz сайты келтірген Айдоса Сарымның цитатасынан алынған, 2014 жыл.

2015 жылғы 13 сәуірде қазақстандық дизайнер Нұрлан Төреханов Facebook парақшасында пост (архив) жариялап, онда Георгий лентасының тарихы туралы айтқан. Сол посттағы тезистер төмендегі бейтаныс автор суретінде қолданылып, Жеңіс күні пабликтер мен баспасөз құралдарындағы жазбаларға негіз болған.

Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?

Сурет арқылы іздеу оның Төреханов жазбасынан соң пайда болғанын көрсетеді. Мысалы, бір аптадан соң, 21 сәуірде оны «ЯПлакалъ» веб-порталындағы пікірталастардың біріне meKotoff деген қолданушы салған.

Бір қызығы, онға жуық жыл ішінде қазақстандықтар Георгий лентасы туралы ортақ пікірге келе алған жоқ. Бірі оларды тақса, басқалары бас тартып, үшіншілер оның кімнің символы екенін, қашан пайда болып, кімдерге берілгенін ойламайды. Қазақстан билігінің де осы мәселеге қатысты ресми ұстанымы жоқ.

Орталық Азия басқыншылары Георгий лентасындағы медальмен марапатталғаны рас па?
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейде 9 мамыр құрметіне өткен шеруде, 2023 жыл. Дереккөз.
Factcheck.kz