Қазақстанда «балаларды тартып алу туралы» заң қабылданатыны рас па?

Кейінгі жылдары қазақ қоғамы тұрмыстағы зорлық-зомбылықпен күресуге бағытталған заңдарды қызу талқылап жатыр. 2024 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қарауына «Қазақстан Республикасының кей заңнама актілеріне әйелдердің құқығы мен балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның пысықталған жобасы түсті.

Сенатта талқылау жүріп жатқанда, тұрмыстағы зорлық-зомбылық үшін жазаны күшейтуге қарсы топтар жаңашылдықтың заңсыз екенін дәлелдеуге тырысып жатыр. Осылайша, қастандық теориясы мен жалған ақпарат таратуда (1, 2, 3, 4) көзге түскен «Қазақстандық ата-аналар одағы» РҚБ Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Үндеу жариялап, қол жинауды бастап кетті.

Factcheck.kz редакциясы Заң жобасына қарсы тараптың негізгі тезистеріне талдау жасады.

Қысқаша қорытынды:

Әлеуметтік желідегі әртүрлі топтар балаларыңызды тартып алам деп қорқытқанда есте сақтау қажет маңызды нәрсе: Ата-ана құқығынан айыру – балалардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда қолданылатын ақырғы шара. Мұндай жағдайда тартып алу – баланы қауіптен құтқару. Бұл туралы түпкілікті шешімді ұзақ процесстен кейін сот шығарады. Ал мұндай жағдайда да баланы отбасына қайтарудың заң жүзінде бекітілген тетіктері бар. Балалардың құқығы бар және олар бұзылмауы керек. Кез келген зорлық-зомбылықтың түрі адам құқығын, яғни заңды бұзады.

Мәлімдемелердің жай-жапсары

Мәлімдеме: “Қазақстан Республикасының кей заңнама актілеріне білім беру және баланың құқығын қорғау мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заң кәсіби бала асырап алушы отбасы институтын енгізеді және өмірде қиын жағдайға тап болған аяулы ата-аналардан балаларды тартып алуды көздейді.

Қазақстандық ата-аналар одағы

Үкім: Манипуляция

«Қазақстан Республикасының балаға білім беру және оның құқығын қорғау мәселесі бойынша кей заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң расында кәсіби бала асырап алушы отбасыларға қатысты. Алайда, бұл мекеме әлеуметтік қызметке мұқтаж балаларды орналастыру нысаны және бұрыннан басқа заңдармен реттеліп келген отбасынан тартып алу процедурасының өзіне еш әсер етпейді. Заңда тартып алу туралы мүлде айтылмаған, бұл тұрғыдан да ешқандай жаңашылдық жоқ.

Эмоцияға басатын «қиын өмірлік жағдайға тап болған аяулы ата-ана» деген тіркес те – манипуляция.

Махаббат маңызды, бірақ ата-ананың да заңды міндеттері бар. Мысалы, олар Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексінде сипатталған.

70-бап:

  • Ата-ана өз баласының денсаулығына қамқорлық жасауға міндетті.
  • Ата-аналардың өз баласын тәрбиелеуге құқығы бар және осыған міндетті.
  • Ата-аналардың барлық өзге адамдар алдында баласын тәрбиелеуге басым құқығы бар.
  • Бала тәрбиелеушi ата-аналар оның дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажеттi өмiр сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады.
  • Ата-аналар баласының міндетті орта білім алуын қамтамасыз етуге міндетті.
  • Ата-ана баланың пікірін ескере отырып, ол жалпы орта білім алғанға дейін оған білім беру ұйымы мен оқыту нысанын таңдауға құқылы.

Одан бөлек, «ҚР бала құқығы туралы» Заңда балалардың құқығына кепілдік берілген. Ата-аналар өз құқықтары мен міндеттерін орындамаған және балаларының құқығы бұзылған жағдайда ата-ана құқығын шектеу немесе одан айрылу қаупі бар.

Ата-аналар одағы атап өткен «Қиын өмірлік жағдайға тап болған аяулы ата-аналар» жағдайына келсек, бұл жағдай құқықты шектеуге мүмкіндік береді, бірақ одан айырмайды. Бұл туралы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінің 79-бабында жазылған. Қиын жағдайға байланысты құқықты шектеуі мүмкін ереженің сонау 1998 жылы күшінде болғаны маңызды, яғни бұл кәсіби патронат отбасыларды енгізу жоспарымен мүлдем байланысты емес.

Шынтуайтында, заңнамада балаларды орналастырудың бірнеше нұсқасы бұрыннан бар. Олардың қатарында асырап алатын отбасы, патронат, ал қазір кәсіби асырап алушы отбасылар ұсынылады.

Кәсіби бала асырап алушы отбасы дегеніміз не? Олар міндетті оқудан, сертификаттаудан және аккредиттеуден өтетін балаларды орналастырудың бір түрі. Жоспарланғандай, бұл қайталанатын бас тартуды (екінші реттік жетімдік) болдырмауға көмектеседі және денсаулығына қатысты немесе басқа кез-келген қиындыққа тап болған балаларды орналастыруға кепілдік береді.

Баланы беру кезінде қорғау және қамқорлық органдарымен шарт жасалады. Кәсіби отбасының қызметі ақылы және тоқсан сайын балалар денсаулығының, білім беру жұмыстары және оларды асырауға жұмсалған қаражат туралы есеп беріп тұруы керек.

Бір қызығы, кәсіби отбасы көп жағынан әдеттегі патронаж бен асырап алушы отбасыларға ұқсас. Сонымен, асырап алушы отбасылар да келісім шартқа отырып, патронаж тәрбиешілер жалақы алады.

2022 жылы мемлекеттік мекемелерде 3 790 бала болды. Көбінесе бұл денсаулығы мен әлеуметтенуінде қиындығы бар, есейіп қалған, бір-бірінен айыруға келмейтін туыс балалар. Оларды отбасыларына қайтару мүмкін болмады, оларға қамқоршы мен патронат табу қиын. Заң жобасының түсіндірмелеріне сәйкес, кәсіби асырап алушы отбасылар бұл мәселені шешеді, өйткені олар кез келген баланы қабылдап, оларға қажетті күтім жасай алады.

Кәсіби отбасылармен бастаманың қаншалықты өміршең екенін уақыт көрсетеді. Дегенмен, бір нәрсе анық – кәсіби асырап алушы отбасылар кенеттен балаларды «аяулы ата-анадан» тартып алуға әкеледі деп болжауға негіз жоқ.

Мәлімдеме: Тартып алынған балаларды мемлекеттік мекемелерді айналып өтіп, кәсіби деп аталатын отбасыларға беру жоспарлануда.

Қазақстандық ата-аналар одағы

Үкім: Манипуляция

Заң тартып алу тәртібін реттемейтінін тағы да қайталаймыз. Заң шығарушылардың жоспарына сәйкес, кәсіби отбасылар, сайып келгенде, әрбір баланың отбасында тәрбие алу құқығын жүзеге асыра отырып, мемлекеттік институттардың функциясын толық атқара алады. Бұл ретте кәсіби отбасыға қосылу биологиялық ата-ананың құқығын автоматты түрде шектеуді немесе айыруды білдірмейді және балаларды туған отбасына қайтару немесе туыстарына беру жөніндегі жұмысты білдіреді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтарындағы балалар саны азайып, көбі ата-анасына оралып жатыр.

Қазақстанда «балаларды тартып алу туралы» заң қабылданатыны рас па?

Мекемелерде балалар саны азайып, қорғауға немес қамқорлыққа алынғандар көбейіп келеді.

Қазақстанда «балаларды тартып алу туралы» заң қабылданатыны рас па?

Алайда, асырап алушы тараптың қамқорлыққа алатын баланы «таңдау» мүмкіндігіне байланысты норманы іске асыру әлі де шектеулі. Денсаулығы мен әлеуметтік бейімделуінде қиындығы бар, есейіп қалған және бөлуге болмайтын қаны бір туыстар азырақ «таңдалады» және көбінесе ұйымдарда қалып қояды.

Заң шығарушылар кәсіби отбасылар кез келген баланы қабылдап, оған ем мен күтімді қоса алғанда, қажет нәрсенің бәріне кепілдік береді деп күтеді. Кәсіби отбасыларға берілген балалардың биологиялық отбасылары құқығынан автоматты түрде шектелмейтінін және айырылмайтынын ескертеміз. Керісінше, келісімнің жаңа формасы балаларды туған отбасына немесе туыстарына қайтару жұмыстарына бағытталған.

Кәсіби отбасына орналастыру кезінде баланың пікірі де ескерілгені маңызды және он жастан бастап бұл оның келісімімен ғана болады. Осылайша, кәсіби отбасылар мемлекеттік мекемелерді ауыстыруға арналған, өйткені олар орналастырудың ыңғайлы нұсқасы, бірақ олар балаларды тартып алу процесін ешбір жағдайда жеңілдетпейді.

Мәлімдеме: Тартып алынған балалардың туыстары оларды қайда алып кететінін білмейді.

Қазақстандық ата-аналар одағы

Үкім: Манипуляция

Туыстарымен қарым-қатынасты шектеу баланың мүддесіне сәйкес келмейтін жағдайда ғана мүмкін болады. Басқа жағдайда қорған немесе қамқоршы ата-анамен, ал егер туыстарымен қарым-қатынас балаға теріс әсер етпесе, онда солармен араласып тұруына кедергі жасауға құқығы жоқ.

Өзгерістер аясында ұсынылған 139-2-бапта кәсіби тәрбиешілерге берілетін арнаулы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балалардың «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы» ҚР Кодексінің 61-бабында көзделген құқыққа ие екендігі көрсетілген. Яғни, ата-ананың екеуімен де, ата-әжесімен де, ағаларымен де, апа-сіңлілерімен де, басқа туыстарымен де араласу құқығы.

Кәсіби патронат тәрбиешілер қорған мен қамқоршылар сияқты құқық пен міндеттерге ие болады. 126-баптың 3-тармағына сәйкес қорған немесе қамқоршы, мұндай қарым-қатынас баланың мүдделеріне қайшы келмейтін жағдайларды қоспағанда, баланың ата-анасымен және басқа да жақын туыстарымен араласуына кедергі жасауға құқығы жоқ.

Жолдаудың екінші бөлімінде Қазақстандық ата-аналар одағы «Қазақстан Республикасының әйел құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері кей заңнама актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңы жобасына көшеді және де бірнеше мәлімдемелер жасайды.

Мәлімдеме: 1937 жылғы террористік схема бойынша құпия хабар мен әлеуметтік желідегі ескертулер арқылы отбасыларға кіру ұсынылып отыр.

Қазақстандық ата-аналар одағы

Үкім: Манипуляция

«Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» Заңның 18-бабын бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-платформаларда зорлық-зомбылық фактілері туралы хабарламалардан кейін тексеру жүргізу туралы тармақпен толықтыру ұсынылып отыр. Заңның бұрынғы редакцияларында жеке және заңды тұлғалардың өтініші немесе хабарламасы түскеннен кейін тексеру туралы норма бұрыннан бар еді, сондықтан ұсынылған түзетулерге дейін де шағымдануға болатын. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі хабарламаларды тексеруге келсек, құқық қорғау органдары басқа да құқық бұзушылықтарға мұндай мониториң жасауды бұрыннан тәжірибе жүзінде қолданып келеді. Үндеу авторлары мәлімдемені сталиндік қуғын-сүргін кезіндегі айыптаулармен жалған ұқсастықпен толықтырады, бұл айқын айла-шарғы.

Көптеген мемлекеттік органдар, соның ішінде ішкі істер министрлігі жол қозғалысы ережелерін бұзу, жануарларға қатыгездік көрсету, бұзақылық, алаяқтық және т.б. фактілерді анықтау үшін бірнеше жылдан бері әлеуметтік желілерге мониториң жүргізді.

Бір қызығы, үндеу авторлары жалған хабарламалардан қорғайтын тетік жоқ екеніне сенімді. Алайда, қазіргі ҚР Қылмыстық кодексінде жала жабу бойынша 129-бап, көрінеу жалған хабарлау туралы 351-бап бар.

Қазақстанда шындығында құқық қорғау жүйесі тиімді емес екенін ескере отырып, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тараған ақпарат алымсақтық, қудалау мен зорлық-зомбылыққа кінәлілердің лайықты жазасын алуына бірнеше рет себеп болғанын айта кету керек.

Мәлімдеме: Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған азаматтарды (және бұл психикалық немесе қаржылық болуы мүмкін) психикалық түзету курстарына мәжбүрлеп жіберу ұсынылады, бұл абсурд, өйткені психологтың жұмысы адамның ерікті өтініші бойынша ғана жүзеге асырылуы мүмкін. 

Қазақстандық ата-аналар одағы

Мәлімдеме: Зорлық-зомбылық (деп аталатын) жасады деп айыпталған кәмелетке толған отбасы мүшелерін балама баспанасы жоқ жалғыз баспанасынан шығару ұсынылады – бұл баспанасыздықтың өсуіне, тиісінше, қылмыстың өсуіне әкеледі.

Қазақстандық ата-аналар одағы

Үкім: Жалған әрі манипуляция

Екі мәлімдеме де Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне «Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамның мінез-құлқына ерекше талаптар белгілеу» 98-3-бапты енгізу ұсынысына қатысты. Мәлімдемедегі өтірік «тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деп айыпталған» және «зорлық-зомбылық деп аталатын жерде ұсталды» деген тұжырымдарда кездеседі. Бірақ бапта қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға қатысты нақты айтылған.

Мақалада «психикалық корркция» термині де жоқ, психологиялық көмек бар. Бұл шараны ҚР Қылмыстық-атқару кодексінде және «Пробация туралы» Заңнан табуға болады. Мысалы, психологтар оқшаулау орындарында жазасын өтеп жатқан, шартты түрде сотталғандар және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтармен жұмыс істейді. Көмектің бұл түрі ықтимал қайталанудың алдын алу, сондай-ақ құқық бұзушыларды әлеуметтік бейімдеу мақсатында көрсетіледі.

Сот күш қолдану арқылы қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамға қатысты ерекше жағдайларда тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы iс бойынша жәбiрленушiмен тұруға тыйым салуы мүмкiн. Тыйым салу мерзімі 30 күнге дейін созылады.

Бұл жағдайда үйсіздік пен қылмыстың көбеюін болжау қызық – бұл ешқандай дәлелсіз бір оқиға немесе шешім тізбекті реакцияға әкелетінін болжайтын домино эффектісі логикалық трюкінің классикалық мысалы.

Мәлімдеме: Қудалау (булиң) үшін айыппұл салу ұсынылып отыр. Бұл – мәнін ешкім толық түсінбейтін, түбінде бассыздық пен сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын құқық бұзушылықтың бір түрі

Қазақстандық ата-аналар одағы

Үкім: Манипуляция

Буллиңнің анықтамасы «Баланы жәбірлеудің (буллингтің) профилактикасы қағидаларын бекіту туралы» бұйрықта берілген. Баланы жәбірлеу (булиң) – қорлау сипатындағы жүйелі (екі және одан көп) әрекеттер, қудалау және (немесе) қорқыту, оның ішінде қандай да бір әрекетті жасауға немесе жасаудан бас тартуға мәжбүрлеуге бағытталған әрекеттер, сол сияқты жария түрде немесе бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) телекоммуникация желілері пайдаланыла отырып жасалған дәл сол әрекеттер (кибербуллиң)

Бұл жолы да мұның соңы бассыздық пен сыбайлас жемқорлықпен аяқталатыны туралы негізсіз болжам барына назар аударайық.

Буллиң мен кибербуллиң – мемлекет әртүрлі жолмен шешуге тырысып келе жатқан, бірақ кейде дұрыс шешім қабылдамайтын күрделі мәселе. Сарым-Закиеваның әлеуметтік желілерді толығымен бақылау арқылы кибербуллинңмен күресуді ұсынған атышулы түзетулерін еске түсіріңіз.

Алайда, мұның фонында айыппұл арнайы, тікелей булиң жасаған адамға қолданылатынын ескерсек, оншалықты қайшы шешім еместей. Сонымен қатар, түзетуде ескерту опциясы да бар.

Сонымен қатар, алдын алу шаралары «кездейсоқ» білиңді болдырмауға көмектесуі керек.

Мәлімдеме: Отбасындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті отбасынан тыс жасалғандарға қарағанда қатаңырақ ету ұсынылады. Бұл неке санының азаюына әкеледі. Адамдар отбасын құру және балалы болу қауіпті деген қорытындыға келеді. Соның салдарынан Қазақстан Республикасының демографиясы құлдырады.

Қазақстандық ата-аналар одағы

Үкім: Жалған

Әйелдер мен балаларға қатысты қылмыстар үшін жазаны күшейту отбасылық қарым-қатынаспен ғана шектелмейді. Бұл жерде біз түзетудің өзін дұрыс түсінбеуді және қолданыстағы Заңды білмеуді немесе оны елемеуді байқаймыз.

Тағы да, «әсерді күшейту» үшін расталған деректер мен аналитиканың орнына неке саны мен демографиялық көрсеткіштердің қысқаруы туралы негізсіз болжамдарды көреміз.

Үндеу авторлары нақты сілтемелердің орнына жалпылама сөйлеуді жөн санайды, бірақ түзетулерге жасалған ескертулерге қарағанда, олар ұрып-соғу және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру үшін жазаны қатайту туралы айтып отыр. Іс-шаралар отбасы институтының бұзылуына әкелетін «тәрбие процесін криминализациялау» деп аталады.

Біріншіден, балаларды ұрып-соғып жазалау тәжірибесі қазір қалыпты жағдай деген пікір қате. ӘҚБтК-нің 127-бабында ата-аналар мен өкілдердің баланың құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін жауаптылығы көзделген. Құқықтардың ішінде мемлекет баланың жеке басының қол сұғылмауына («ҚР бала құқығы туралы» Заңның 10-бабы) және ата-аналар мен өкілдердің зорлық-зомбылық көрсетуінен қорғалуына кепілдік береді (Балалардың өмірі туралы кодекстің 67-бабы). Сонымен қатар, қатыгездікпен байланысты ата-ана міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін ҚР ҚК бойынша ата-аналар жазалануы мүмкін.

Екіншіден, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне толықтыру ретінде заң жобасында ұсынылған 108-1-бап тек туысқандарға ғана емес, кең ауқымды тұлғаларға қатысты. Одан да ауыр жаза күтіп тұр:

  • екі немесе одан да көп адамға қатысты;
  • адамға немесе оның туыстарына осы адамның қызметтік іс-әрекетін орындауына немесе кәсіби немесе қоғамдық борышын орындауына байланысты;
  • ерекше қатыгездікпен, сол сияқты кінәліге дәрменсіз жағдайда немесе кінәліге қаржылық немесе өзге де тәуелділікте екені белгілі адамға қатысты;
  • адамдар тобы, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы;
  • бұзақылық себептер бойынша;
  • әлеуметтiк, ұлттық, нәсiлдiк, дiни өшпендiлiк немесе араздық уәжiмен;
  • бірнеше рет;
  • кәмелетке толмаған белгілі адамға қатысты.

Көріп отырғанымыздай, жазаның күшею себебі жәбірленушінің құқық бұзушының алдында қорғансыздығы және өзін қорғай алмауы немесе жағдайдан құтыла алмауы.

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz