Қағаз пакет пен пластикалық пакеттің экологияға әсері бірдей ме?

Кейінгі жылдары экологиялық өмір салтының ең негізгі символы пластик пакеттерден бас тарту саналады. Оған балама ретінде қағаз пакеттер алу ұсынылып жүр. Интернетте табиғатты сақтау үшін соны пайдалану керек екенін айтатын кеңес көп. Бұл туралы қағаз пакет өндірушілер де (1, 2, 3), БАҚ та (1, 2, 3, 4, 5), кәсіпкерлер мен дүкен иелері де (1, 2, 3) айтып жүр.

Расымен, пластик пакеттердің ондаған жыл бойы ыдырайтыны белгілі және соның кесірінен жануарлар да өліп жатады. Бірақ экологиялық өнім тек ыдырау процесіне ғана емес, басқа да факторларға қарайды. Сондықтан біз «Қағаз пакеттер пластик пакеттерге қарағанда экологиялық өнім бе?» деген сұраққа жауап іздеп көрдік.

Қысқаша қорытынды

Бірнеше зерттеуді қарастырып, мынандай қорытындыға келдік.

  • Ыдырау процесіне келгенде, әрине, қағаз пакетті экологиялық өнім санауға болады. Қағаз пакет жылдам ыдырайды және жануарлар мен өсімдіктер әлеміне зиян тигізбейді.
  • Шикізат алудан бастап жалпы циклға қарайтын болсақ, қағаз пакет өндірісі қоршаған ортаға зиян. Көп энергия мен суды қажет етеді. Су, ауа мен топырақтың ластануына әсер етеді.
  • Пластик пакетке балама ретінде біз барлық пакеттен бас тартуды және көпреттік экосөмкелер қолдануды көреміз.
  • Пластик пакеттен бас тарту мүмкін болмаса, қоршаған ортаға зиянын бәсеңдетіп, пакеттерді қоқысқа тастамай, қайта өңдеуге өткізуге болады.

Пакеттер қалай өндіріледі?

Алдымен қағаз және пластик пакеттердің өндірісіне тоқталайық.

Қағаз пакеттерді крафт-қағаздан жасайды. Ағашты кесіп, қабығын аршып, жоңқасын алады. Оны натрий тұзы мен натри гидроксидінде қайнатады – бұл сульфатты қайнату процессі деп аталады. Одан кейін оны тазалайды. Сұйық целлюлозаны ұзын торға жібереді. Массадан су шығып, талшықтар бір қабатта қалады. Қалған ылғал да кептіріледі. Кептіру іштен жылынатын цилиндрлер жүйесі көмегімен жүргізіледі. Каландрлар алынған қағазды тегістеп, оны бір қалыңдыққа келтіреді. Дайын өнім бумаға оралып, бетке бөлінеді. Орамдардан пакеттер алынып, мөр басылады.

Пластик пакеттер көбіне полиэтиленнен — LDPE (тығыздығы төмен/қысымы жоғары полиэтилен) және HDPE (жоғары тығыздық/төмен қысымды полиэтилен) алынады. Бәрі этиленнен басталады – бұл түссіз газ. Ол мұнай газдарында бар көмірсулы қоспаларды қыздыру арқылы алынады. Этиленді полимерлеуден синтетикалық полимер – полиэтилен алынады. Оны 2,5-5 мм түйіршіктермен шығарады. Түйіршектерден пленка алу үшін экструдер қажет. Түйіршіктерді бункерге салып, олар жылыту камерасына түседі. Онда араластырылып, 180-240°С температурада балқытылады. Алынған қоспа дөңкелек тесік арқылы шығарылады. Одан кейін ауа салқындатып, орама дайындау үшін барабанға жіберіледі.

№1 зерттеу

Пластик пакет расымен қоршаған орта үшін аса қауіпті. Кей мемлекеттерде оған тыйым салынған, ал кейбірінде оны қолдану үшін салық алынады.

2005 жылдың өзінде шотланд зерттеушілері «Environment Group Research Report Proposed Plastic Bag Levy — Extended Impact Assessment» еңбегінде пластик пакетке салық енгізудің қаншалық пайдалы болатынын бағалаған. Онда жыл сайын әлемде миллионға жуық құс пен 100 мың теңіз сүтқоректілері пластик жұтып не соған оратылып өлетіні туралы статистика бар. Теңіз жануарларлары полиэтилен пакеттерін көбіне медуза деп қабылдайды.

Ғылыми жұмыста пластик пакеттердің жануарларға кесірі жоққа шығарылмайды, бірақ авторлар пластиктің ыдырауын емес, жалпы циклін қарастырған.

  1. Энергия мен ресурстар тұтынуы;
  2. ластаушы заттардың шығатын кезі:
  • шикізатты өндіру;
  • пакет өндірісі;
  • сатушыға тасымалдау;
  • соңында утилизация жасау.

Олар Carrefour супермаркеті тапсырыс берген зерттеуді негізге алған. Онда екі пакеттің экологиялық сипаты салыстырылады:

  • Салмағы 6 гр, көлемі 14 л болатын HDPE пластик пакеті.
  • Салмағы 52 гр, көлемі 20,5л болатын қағаз пакет.

Зерттеу нәтижесін қорытынды санмен келтіреді. Егер қағаз пакет бір рет қолданылса, онда:

  • Қағаз пакетке (пластик пакетке қарағанда – ред.) 1,1 есе көп энергия жұмсалады;
  • 4 есе көп су жұмсалады;
  • парник газдар 3,3 есе көп бөлінеді;
  • атмосфераны 1,9  есе көп қышқылдандырады;
  • 14 есе көп суды ластайды;
  • қатты қалдықтар 2,7 есе көп шығады.

№2 зерттеу

Boustead Consulting зерттеуі 3 пакетті салыстырған — қағаз (30%-і қалдықтық шикізаттан алынған), полиэтилен және биоыдырайтын пакет.

Төмендегі кестеден байқап отырғанымыздай, жалпы циклды қарастырсақ, пластик пакет қағаз пакетпен ғана емес, биоыдырайтын пакетпен де салыстырғанда қоршаған ортаға аз зиян тигізеді.

Қағаз пакет пен пластикалық пакеттің экологияға әсері бірдей ме?
Бұл кестеде ыдырау процесі кезіндегі қалдықтар ескерілмеген

Зерттеушілер 1 000 пакеттің СО2 көрсеткішін де есептеп шыққан.

100 жылда пластик пакет 18,85 кг СО2 газын бөледі.

Қағаз пакет үшін екі нұсқа қарастырылған.

  • жақсы — таза ауада ыдырайды, 65,49 кг СО2 эквивалентін бөледі;
  • жаман — қоқыс арасында ауа тимей, метан бөліп ыдырайды  — 202,2 кг СО2 эквиваленті.

№3 зерттеу

Солтүстік Ирландия Зерттеу және ақпарат қызметінің 2014 жылғы жаңартылған зерттеуінде бір қызық дерек бар. Авторлар HDPE жұқа пластик пакеттен неше рет бас тарту жағдайында қоршаған ортаға кесірін тигізбес үшін баламасын қолдану керек екенін есептеп шыққан. Ең үлкен экологиялық ізді «экосөмкелер» қалдырған. Оны кемнде 131 рет қолдану керек.

Қағаз пакет пен пластикалық пакеттің экологияға әсері бірдей ме?

№4 зерттеу

«Environmental Effect On Biodegradability Of Plastic And Paper Bags» зерттеуінде нигериялық ғалымдар әртүрлі пакеттердің ыдырауын қарастырған.

Пакеттердің әртүрлі түрлерін

  • күнге ілген;
  • ылғалды жерге көмген;
  • суға салған;
  • тұзды суға салған.

Ұзақ есептеулерден кейін ғалымдар қағаз пакеттер пластик пакеттерге қарағанда жылдам ыдырайды деген қорытындыға келген. Теңіз суына келіңкірейтін тұзды су мен күн материалдардың биоыдырауына ықпал етеді. Осыған орай авторлар тауар сатып алу мен орау үшін қағаз пакет қолдануды ұсынады.

Бұл зерттеуде қоршаған ортаға тек пакеттердің ыдырау процесінің ықпалы қарастырылғанын айта кету керек.

№5 зерттеу

Journal of Fiber Bioengineering and Informatics журналындағы ғылыми мақалада гонконгтік ғалымдар өндірістің әр сатысындағы шикізатты бағалап, келесі әрекеттесу типтерімен талдаған.

  • Климаттың өзгеруіне ықпалы, респираторлы және канцерогенді аурулар шақыратын қалдықтар. Көп энергияны қажет ететіндіктен, қағаз пакет жеңіліп қалды.
  • Озон тесіктері. Бұл жерде пластик пакет жеңілді. Себебі оны өндірген кезде органикалық және органикалық емес қоспалар, бояғыштар, пластификаторлар, антитоксиндер, ауыр металлдар қолданылады. Процесс кезінде озон қабатының жұқаруына әсер ететін заттар пайда болады.
  • Қағаз пакет өндірісі кезінде токсинді заттар ауаға, топырақ пен суға көбірек бөлінеді.
  • Жерді қолдану. Даулы мәселе. Бір жағынан, ыдырамаған пластик көп жер алып, көп зиян тигізеді. Екінші жағынан, ағаштар жерді қолдануға кесірін тигізеді. Ал қағаз пакет өндірісінде ағаштар қолданылады. Егер кейінгі екінші реттік шикізаттан жасалса, пластик пакет жеңіледі.
  • Қайта қалпына келмейтін отын. Пластик пакет өндірісі кезінде мұнай, газ секілді қазба отын көп қолданылады.

Жалпы, зерттеушілер қағаз пакеттің ықпалы көбірек деген қорытындыға келеді, бірақ соған қарамастан 3R концепциясына өтуді ұсынады.

  • Reduce — тұтынуды азайту — кез келген түрдегі пакетті аз қолдану.
  • Reuse — қайта қолдану.
  • Recycling — пакеттерді қоқысқа тастамай, қайта өңдеуге жіберу.

№6 зерттеу

Дания мен швеция ғалымдарының «Environmental Taxation of Plastic Bags and Substitutes: Balancing Marine Pollution and Climate Change» деген де зерттеуі қолымызға түсті. Онда авторлар қағаз пакеттердің климаттың өзгеруіне кесірі мен пластик пакеттердің теңізге кесірін зерттеп, соны ақша эквивалентіне аударуға тырысқан.

Одан мынандай нәтиже шықты.

Қағаз пакет пен пластикалық пакеттің экологияға әсері бірдей ме?

Климаттың өзгеруіне ықпалы аз екеніне қарамастан, теңізге кері әсері көп. Зерттеушілер баспасөз құралдарындағы пластик пакеттердің жануарлар әлеміне әсері туралы эмоциялық жаңалықтарға қарамастан, біршама елде тек пластик пакетке салық салынатынын айтады. Бірақ олар салықты пакеттердің барлық түріне салу керек дейді.

Түйін

Осылайша, біз қарастырған зерттеулерге қарасақ, пластик және қағаз пакеттер экологияға кесірін тигізеді, бірақ «өмір циклының» әр сатысында әртүрлі болады. Сенімді түрде айтуға болатын бір нәрсе – қағаз пакеттер пластик пакеттерге қарағанда экологиялық өнім болмауы да мүмкін. Ең тиімді нұсқа – пакеттерден толық бас тарту. Мата сөмкелерді пластик пакеттердің экологиялық ізінің орнын толтыру үшін ұзақ уақыт қолданудың мәні бар. Мысалы, Солтүстік Ирландия зерттеулер ассамблеясы қызметінің қорытындысына сенсек, HDPE пластик пакетті қолданудың орнын басу үшін экосөмкелерді 131 рет қолдану керек.

Материады Online Factcheck Academy түлегі Михаил Беляков дайындаған

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz