Апталық шолу: Тәуелсіз ұйымдар мен журналистерге қысым, Боқаевтың босатылуы және басқалары

Осы аптада Factcheck.kz Қазақстан және әлем медиасында тараған ақпаратты тексерді. Жарияланған материалдарды бірге шолып шығайық.

MediaNet және Factcheck.kz-ке қатысты қозғалған әкімшілік іс жүргізу тоқтатылды

4 ақпанда бес үкіметтік емес ұйым — MediaNet халықаралық журналистика орталығы, “Халықаралық құқықтық бастама”, “Құқықтық медиа орталық”, “Эхо” қоғамдық бірлестігі және Адам құқығы және заңдылықты сақтау халықаралық бюросы үстінен қозғалған іс пен өндірістің тоқтатылды.

MediaNet Халықаралық журналистика орталығына қатысты қозғалған әкімшілік іс жүргізу тоқтағанын қуанышпен хабарлаймыз! Өздеріңіз білетіндей о баста Заң мен әділдіктің біз жақта екеніне сенімді болдық. MediaNet – барлық Заңдарды сақтайтын ұйым. Біз өзіміздің тәуелсіздігіміз бен демократиялық құндылықтарымызға адалмыз және адал болып қала береміз. Бізді қолдап, қолтығымыздан демеген баршаңызға алғысымыз шексіз!

MediaNet Халықаралық журналистика орталығының Factcheck.kz сайтында жарияланған мәлімдемесінен

Еуроодақ мұндай әрекеттер Қазақстанның беделіне нұқсан келтіретінін, ал жалпы бұл ұйымдардың жұмысы президент айтқан реформаларға тікелей көмектесетінін хабарлаған.

Халықаралық Transparency International ұйымы Қазақстан үкіметін адам құқығы, сайлау әділдігі және қоғамдық бақылау мәселелерімен айналысатын тәуелсіз ұйымдарды қудаламауға шақырған.

Полиция Лұқпан Ахмедияровты ұстады

3 ақпанда полиция Макс Боқаевты қарсы алу үшін Атырауға жол тартқан “Уральская неделя” басылымының бас редакторы Лұқпан Ахмедияровты жарты жолда ұстады. Полицейлер Ахмедияровты Оралға қайтарған, тағы бірнеше белсендіге шақырту қағазын тапсырған.

Апталық шолу: Тәуелсіз ұйымдар мен журналистерге қысым, Боқаевтың босатылуы және басқалары
Полицейлердің “Уральская неделя” басылымының бас редакторы Лұқпан Ахмедияровқа шақырту қағазын тапсырып тұрған сәті. 3 ақпан 2021 жыл. Видеодан алынған скриншот.

Журналистер бейсенбі, 4 ақпанда түрмеден шығатын “саяси тұтқын” Макс Боқаевты қарсы алу үшін көрші Атырау қаласына бармақшы болған. Упоров Ахмедияровты полиция алып кеткеннен кейін трассаның бірден ашылғанын айтады. Журналист Facebook желісінде полицейлердің өзін ұстаған сәтінен видео жариялады.

Қазақстанның тәуелсіз редакциялары Лұқпан Ахмедияровтың босатылуын талап етті.

80% алматылық ипотека ала алмайтыны рас па?

27 қаңтарда мәжілістің жаңа шақырылымының кезекті сессиясында депутат Ирина Смирнова мегаполис маңындағы саяжай ауылдарын заңдастыру мәселесін көтеріп, қарқынды ішкі миграция және урбанизация мен осы процестерге байланысты мәселелерді назарға алды. Сөз барысында Смирнова алматылықтардың 80%-ы ипотека ала алмайтынын атап өтті.

Расында, осындай ақпаратты 2019 жылдың қарашасында қала әкімдігі «Алматы-2050» дамыту бағдарламасы құжатында жариялады. Дегенмен, «Миграциялық ағым және урбанизация дағдарысы» стратегиясы басшысының сөзін негізге алсақ, әңгіме көші-қон есебінен алматылық болған және баспанаға мұқтаж адамдар туралы болып отыр. Ал үкімі техникалық қате. Толығырақ мына сілтемеде.

Xiaomi АҚШ билігін сотқа берді

Xiaomi АҚШ қаржы және қорғаныс министрлігіне қарсы қара тізімнен шығу үшін сотқа берді. АҚШ билігі Xiaomi компаниясын “Қытайдың қарулы күштерімен байланысы бар” деген күдікпен қара тізімге енгізген еді.

Xiaomi Қытайдың бұл тізімге енуі “конституцияға сай емес және Xiaomi компаниясының бостандығы мен меншік құқығынан айырады” деп хабарлады. Компанияның хабарлауынша, бұл жағдай АҚШ Конституциясының бесінші түзетуін бұзады.

Қытай компаниясы, сонымен қатар, инвесторлардың акцияларды сатып алуына тыйым салынуы компанияға «орны толмас зиян» әкелетінін хабарлады.

Басқа қандай материал жарияладық

Біздің әлеуметтік желідегі инстаграм, телеграм және фэйсбук парақшамызға жазылуды ұмытпаңыз. Егер Қазақстанның және басқа да медиада жарияланған материалға күмән келтірсеңіз, редакциямызға хабарлассаңыз болады. Шындыққа әркімнің-ақ бар таласы.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz