«Спутник V» вакцинасының жанама әсерлері

1 ақпаннан бастап Қазақстанда медицина қызметкерлері мен санитария-эпидемиялық қызмет мүшелеріне коронавирусқа қарсы жаппай вакцина егу басталды. Денсаулық сақтау министрлігі сәуір-мамыр айларынан бастап кез келген қазақстандық азаматтың қалауы бойынша тегін екпе алуына мүмкіндік жасаймыз деп уәде беріп отыр.

Екпе кампаниясының республика азаматтарына ең қолжетімдісі – ресейлік  «Спутник V» вакцинасынан басталады. Оны сатып алу үшін әр 2 дозасына 20-26 доллардан есептеп, 17 млрд теңгеге дейін қаржы бөледі. Дәрінің алғашқы топтамасы жеткізіліп қойды. Қазақстандық QazCovid-in вакцинасы клиникалық сынақтың III фазасында тұр, оны жаппай өндіру наурыздың соңында басталады.

Ресейде жаппай вакцинация жасау қаңтарда басталды. Гам-КОВИД-Вак-2020 («Спутник V»-ның саудадағы атауы) алған азаматтарға «болуы мүмкін жеке әсерлер» жазылған кітапша (брошюра) беріледі. Қазақстан азаматтарының осы тақырыпқа қызығушылығы мол екенін ескере отырып, FactCheck.kz жоғарыда айтылған сандардың шындыққа қаншалықты сай келетінін тексеріп көруге тырысты.

«Спутник V» вакцинасының жанама әсерлері

Үкім: Үкім жоқ

Қазіргі кездегі қолжетімді ақпараттарды пайдалана отырып, бұл деректердің рас-өтірігін дәлелдеу мүмкін емес. «Спутник V» вакцинасы клиникалық сынақтарының III фазасының нәтижелері әлі жарияланған жоқ. Дәл осы кезең вакцинаның қауіпсіздігі туралы сұраққа толық жауап берер еді, себебі, оған он мыңдаған адам қатысады. Біз әзірге вакцина жасаушыдан ресми жауап алған жоқпыз. Біздің сауалымызға жауап берілген соң мақала толықтырылады. Төменде – қазіргі уақытта қолжетімді мәліметтер.

Былтыр күзде беделді The Lancet журналында «Спутник V» вакцинасы клиникалық сынақтарының I-II фазасының нәтижесі жарияланды. Зерттеуге  ересек, дені сау 38 еріктіден қатысты. Мамандардың айтуынша, сынаққа қатысушылар саны екінші фаза үшін аз.

Салыстыру үшін: BioNTech (Pfizer) осы мақсатта алты есе көп адам жинаған. Қаңтардың соңындағы дерек бойынша, америка-неміс препараты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ресми түрде мақұлдаған жалғыз екпе.

Сынаққа қатысушыларды 42 күн бойы бақылаған Ресей ғалымдары «Спутник V»-ның жағымсыз әсерлерінің жиілігі туралы мынадай қорытынды жасады:

«Ең көп тараған жанама әсер – вакцинаны енгізген жердің ауырсынуы (44 адам [58%]), дене температурасының 37-38 градусқа дейін көтерілуі (38 адам [50%]), бас ауруы (32 адам [42%]), әлсіздік (21 адам [28%]), дене мен бұлшықеттердің ауруы (18 адам [24%])». 

Жанама әсердің көбі орташа дәрежеде және еріктілер екінші дозаны қабылдағаннан кейін байқалған.

Гам-КОВИД-Вак-тың қолдану туралы нұсқаулығының жағымсыз әсерлер бөлігінде клиникалық сынақ нәтижесі туралы былай түсіндірілген:

  • Өте жиі және жиі: дене температурасының көтерілуі, ауырсыну, ісіну, вакцина еккен жердің қышуы, тез шаршау, әлсіздік, вакцина еккен жердегі тері температурасының жоғарылауы, тәбеттің  нашарлауы.
  • Жиі: жұтынғанда ауырсыну, мұрынның бітуі, тамақтың жыбырлауы, тұмау, бас ауруы, жүрегі айну, құсу, ас қорытудың бұзылуы.
  • Сирек: бас айналу, талу.

«Спутник V»-ны жасаушылардың мәлімдеуінше, жанама әсерлер жеңіл немесе орташа түрде байқалады. Олар вакцина егілген соң бірінші-екінші тәулікте пайда болады. Көп жағдайда 3 күн өткен соң адам ешқандай қиындықсыз жанама әсерден арылады.

«Спутник V» вакцинасының жанама әсерлері

«Спутник V» вакцинасы клиникалық сынақтарының III фазасы туралы қазіргі күні біз білетін ақпарат көп емес – Ресей ғалымдары БАҚ үшін үш аралық есеп жариялады (1, 2, 3). Олардың әрқайсысында «күтпеген жағымсыз әсер» анықталмады делінген. Вакцина алғандардың бір бөлігінде қысқамерзімді жағымсыз құбылыс байқалған. Олар – вакцина егілген жердің ауруы және тұмауға ұқсас синдром.

Дайындаушылардың сөзінше, 23 мың еріктіге салынған вакцинаның тиімділігі 91,4% болған (яғни, екпе жұқтыру қаупін шамамен 12 есеге төмендеткен). Екпе алғандар арасында коронавирустың асқынып кеткен жағдайлары тіркелмеді.

Журналист және «Ұжымдық иммунитет» вакцинопрофилактикасын қолдау және дамыту КЕАҰ (Коммерциялық емес автономды ұйым) құрылтайшысы Елена Савинованың болжауынша, кітапша (брошюра) мәліметтерін Ресейдің мемлекеттік органдарына «Спутник V» вакцинасын дайындаушы – құрметті академик Н.Ф.Гамалеи атындағы микробиология және эпидемиологиялық ұлттық зерттеу орталығы ұсынған.

Мақала жарияланған сәтте FactCheck.kz редакциясы Гамалеи орталығынан мәліметтердің қайдан алынғаны туралы жауап күтіп отырған.

Сондай-ақ Савинова «Спутник V» вакцинасының қауіпсіздігіне Аргентина денсаулық сақтау министрлігінің есебі арқылы көз жеткізуге болады дейді. Елде 195 мыңнан аса адам екпе алды, олардың 4,5%-ы ғана вакцинадан кейінгі жанама әсер туралы хабарлаған.

Аргентинада жиі кездескен жағымсыз әсерлер қатарында температураның көтеріліп, бас және бұлшықеттердің ауруы (55 вакцинаға 1 жағдай), сондай-ақ безгексіз бас және бұлшықет ауруы (70 вакцинаға 1 жағдай). Күрделі жанама әсерлер ішінен екі рет ауыр аллергиялық әсер (анафилаксия) тіркелді.

Вакцинаның қауіпсіздігі туралы (қазіргі күні) толық мәлімет болмағандықтан екпе жасату керек пе деген шешімді әр қазақстандық өзі қабылдайды. Қауіп дәрежесі әр адамда әртүрлі және адамның жасына, медициналық тарихына, өмір салтына байланысты.  Осыған байланысты дәрігерден кеңес алыңыз немесе вакцинадан өзіңізге келетін пайданы өзіңіз бағалап көріңіз (мында Meduza қалай істеу керегін айтып берген). Біздің бас редакторымыз қазір Мәскеуде және 2021 жылдың 23 қаңтарында вакцинаның алғашқы дозасын қабылдады. Вакцина еккен соң оның бұлшықеттері ауырған, бірақ бұл симптом тәулік ішінде жойылып кетті.

На изображении может находиться: текст «отчество сертификат удостоверяет, что кенlекоѕ меве рларилирви 31 10. 1913 месяц,год прививка против новой kор инфекции (введение перво вакцины) рождения пол домашний адрес.. 2021 планируемая дата второго введения вакцины прошел(-ла) вакцинацию против новой коронавирусной инфекции (COVID-19) янв 2021 дата выдачи прививка против новой инфекции (введение вто вакцины) (число, производитель нформация пациента сертификат достоверяет выполненной иммунизации против (COVID-19) только приналичии новой подписи учреждения, где проводились или заполнялся сертификат регистрация побочны иммунизаци иммунизациипротив против сертификат хранится уграждан предъявляется медицинским работникам случае необходимости продолжения иммунизации сведения внесены соответствии сданными официальныхформ такжедоступны медицинского учёта системы здравоохранения "электронной медицинской»
Вакцинация туралы ресейлік сертификат мынадай

Еске сала кетсек, коронавирустың алдын алуда кем дегенде бір метрлік қашықтық сақтау, адам көп жерде маска тағу, қолды үнемі сабындап жуу және беткі қабаттарды дезинфекциялаудың да маңызы өте зор. Жабық ғимараттардан, адам тығыз орналасқан және бір-бірімен байланысатын жерлерден алысырақ жүріңіз.

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz