Қазақстанның тәуелсіз редакциялары Лұқпан Ахмедияровтың босатылуын талап етті

Биыл қаңтардың аяғында прокуратура «Уральская неделя» бас редакторы Лұқпан Ахмедияровтың үстінен Қылмыстық кодекстің 423-бабымен («Сотқа дейінгі іс жүргізудің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету») іс қозғады.

Оған журналистің Оралдағы жер телімдерінің заңсыз берілуі туралы мақаласы түрткі болған: бұл материалда прокуратура қызметкерінің аты аталды. Содан кейін Лұқпан бірнеше рет тергелді, ал 3 ақпанда полиция оны Атырауға барар жолда ұстап әкетті.

Біз Батыс Қазақстанның құқық қорғау органдары Лұқпан Ахмедияровты саяси себептерге байланысты қудалап отырғанына сенімдіміз. Олар осылай журналистің ауызын жаппақ.

Ахмедияров тек өз жұмысын жасады — журналистік зерттеу жүргізді, оның нәтижесін жариялады. Оған қоса, Лұқпан шығарған мақалада ел билігі күресіп келе жатқан сыбайлас жемқорлық туралы сөз болды.

Лұқпан Ахмедияров пен «Уралькая неделя» — Қазақстанның тәуелсіз медиаларының бірі — бұрын да қудаланған. Біз мұны елдің тәуелсіз БАҚ-тарын қысымға алу деп білеміз және бұл қысым дереу тоқтатылсын дейміз.

Құқық қорғау органдары БАҚ жұмысына араласпауға тиіс, ал журналистердің жұмыс істеуіне: зерттеу жасау, жемқорлық барын жариялау, шенеуніктердің ісіне күмәнмен қарауға мүмкіндік берілуі керек. Лұқпан Ахмедияровты қудалау — заңсыз іс. Оны тез арада босатуын талап етеміз.

Мына редакциялар қол қойды:

  • Vласть
  • «Медиазона Центральная Азия»
  • masa.media
  • The Village Казахстан
  • Factcheck.kz
  • ProTenge
  • «За нами уже выехали»
  • The Qazaq Times

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz