Еуроодақ: ҮЕҰ-ға қысым жасау Қазақстанның имиджіне сын

Еуроодақ Қазақстан билігі тарапынан үкіметтік емес ұйымдарға қысым жасалуы елдің халықаралық имиджіне нұқсан келтіретінін хабарлады.

Жақында Қазақстанда жұмыс істейтін бірнеше танымал адам құқықтары жөніндегі үкіметтік емес ұйымдар ел билігінің қысымына ұшырап, оларға айыппұл салынды. 25 қаңтардағы дерек бойынша, үш ұйымның қызметі кем дегенде үш айға тоқтатылды. Сонымен бірге, үш ұйымға күмәнді себептермен үлкен сомада айыппұл салынды.

Еуроодақ мәлімдемесінен

Сонымен қатар, Еуроодақ мұндай әрекеттер Қазақстанның беделіне нұқсан келтіретінін, ал жалпы бұл ұйымдардың жұмысы президент айтқан реформаларға тікелей көмектесетінін хабарлады.

Қазіргі уақытта «Эхо» мен «Халықаралық құқықтық бастама» ұйымдарының әрбіріне 400 АЕК (1 166 800 теңге) көлемінде айыппұл салынып, қызметіне үш айға шектеу қойылды. Қазақстандағы адам құқығы және заңдылықты сақтау халықаралық бюросына 800 АЕК (2 333 600 теңге) мөлшерінде айыппұл кесіліп, қызметі 3 айға тоқтады. “Еркіндік қанаты” ұйымына 100 АЕК (277 800 теңге) шамасында айыппұл салынған.

Солардың бірі — қызметі шектеліп, 5,5 миллион теңге айыппұл салыну қаупі төніп тұрған MediaNet халықаралық журналистика орталығы жүргізетін Орталық Азиядағы фактілерді тексеру бойынша алғашқы ресурс Factcheck.kz сайты. Factcheck.kz те мүше саналатын халықаралық фактчекерлер желісінің Нобель сыйлығына ұсынылуы қазіргі ахуалға тағы бір қырынан қарауға мүмкіндік береді.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz