Туиттер Үндістан үкіметінің талабынан кейін жүздеген аккаунт жұмысын тоқтатты

Үндістан үкіметі туиттердегі жүздеген аккаунты 12 сағаттан астам уақытқа бұғаттады. Үндістан үкіметінің мәлімдеуінше, желі қолданушылары зорлық-зомбылық насихаттайтын контентті жиі таратқан. Олардың арасында жаңалық сайттары, белсенділер және актерлардың аккаунты бар. Бұл туралы The Guardian сайты хабарлады.

Мұндай шешімге Үндістан фермерлерінің ауыл шаруашылығы туралы жаңа заңға қарсы бірнеше күндік наразылықтары себеп болды. Өткен аптада наразылықтар арнайы күштердің қатысуымен қақтығысқа ұласты.

Сонымен бірге, бір демонстрант өлтіріліп, жүздеген адамдар, соның ішінде полиция қызметкерлері жарақат алды.

Үндістан үкіметінің өкілінің айтуынша, Ішкі істер министрлігі «250-ге жуық туиттер аккаунтын» уақытша бұғаттауды туиттерден талап еткен.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz