80% алматылық ипотека ала алмайтыны рас па?

27 қаңтарда мәжілістің жаңа шақырылымының кезекті сессиясында депутат Ирина Смирнова мегаполис маңындағы саяжай ауылдарын заңдастыру мәселесін көтеріп, қарқынды ішкі миграция және урбанизация мен осы процестерге байланысты мәселелерді назарға алды. Сөз барысында Смирнова алматылықтардың 80%-ы ипотека ала алмайтынын атап өтті. Тексереміз.

Мәлімдеме: Мәселен, соңғы зерттеулер бойынша, алматылықтардың өзін алатын болсақ, олардың 80%-ының тіпті ипотека алуға мүмкіндігі жоқ. Сол себепті адамдар арзанырақ жерге қоныстанады. Айтпақшы, осылайша адамдар белгілі бір дәрежеде мемлекет ауыртпалығын көтеріп, баспана мәселесін өздері… шешеді. Бұл баспанамен қамту мемлекеттік бағдарламасының көп азаматтарға қолжетпестігі мен жетілдірілмегенін көрсетеді.

Ирина Смирнова

Үкім: Техникалық қателік

Расында, осындай ақпаратты 2019 жылдың қарашасында қала әкімдігі «Алматы-2050» дамыту бағдарламасы құжатында жариялады. Дегенмен, «Миграциялық ағым және урбанизация дағдарысы» стратегиясы басшысының сөзін негізге алсақ, әңгіме көші-қон есебінен алматылық болған және баспанаға мұқтаж адамдар туралы болып отыр.

Яғни, құжатта былай делінген:

«Жыл сайын тұрғындар өсімінің 60%-ы миграцияға тиесілі. Қалалықтар санының бақылаусыз өсуі әлеуметтік объектілер, жол мен тұрғынүй-коммуналдық шаруашылыққа шектен тыс жүк артады. Бағалау бойынша, алматылықтардың 80%-дан астамының ипотекаға үй алуға мүмкіндігі жоқ, сол себепті жалдамалы үйде тұруға немесе арзан жеке баспана соғу/алуға мәжбүр.

Осындай нақтыланбаған мәлімдемеден кейін БАҚ-та «Алматылықтардың 80%-на ипотека қолжетімсіз – әкімдік» сынды тақырыпта материалдар жарияланды.

80% алматылық ипотека ала алмайтыны рас па?

Мәселен, мәслихат сайтында жарияланған «Алматы-2025» дамыту бағдарламасындағы мәтінде: «Бағалау бойынша баспанасы жоқ 80% алматылықтардың ипотекаға пәтер алуға мүмкіндігі жоқ, сол себепті жалдамалы үйде тұруға немесе арзан жеке үй соғуға/алуға мәжбүр».

Қанша жазылса да, мінберлерден айтылса да баспана мәселесі өзектілігін жойған емес.

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz