Нығматулин Германия мен Ұлыбританиядағы митингке байланысты заң туралы

26 наурызда Мәжіліс сикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиын ұйымдастыру және өткізу ережесі туралы» заң жобасын депутаттар бірінші оқылымда мақұлдады. Factcheck.kz спикердің мәлімдемесін тексерді.

Әріптестерімізбен жұмыс бабымен Германияға барған кезде митинг өткізуге рұқсат етілмеген аумақтар бар екені және олардың анықтап көрсетілгені әлі есімде.

Н. Нығматулин

Үкім: Жартылай шындық

Германия Федералды үкіметінің ресми сайтында митинг туралы жазылған 8-бапта 2 тармақ бар. Бұл заң барлық Германияның адамдарына ортақ.

  • Барлық адамдар алдын-ала ескертпей, қарусыз бейбіт митингке жиналуға құқылы.
  • Ашық жиындарда бұл құқық заңмен немесе соған сәйкес шектеу қойылуы мүмкін.

Германияның Федералды штаттарында басқа да заңдар бар. Жеті әкімшілік округтен тұратын Баварияда митинг өткізуге тыйым салынған арнайы орындар белгіленген. Мысалы Мюнхенде мемлекеттік парламент ғимаратының айналасындағы аумақтарды атасақ болады.

  • Макс-Вебер-Плац,
  • Иннер-Винер-штрассе,
  • Винер-Платц, Иннер-Винер-штрассе,
  • Ам-Гастайг, Людвигсбрюкке,
  • Западный берег Изара,
  • Prinzregentenstraße,
  • Исманингер Штрассе,

Заң шығарушы орган мен Конституциялық соттың жанында ішкі істер министрлігі немесе тиісті орган рұқсат бермесе митинг өткізуге рұқсат жоқ.

Дегенмен, мемлекетке рұқсат еткен демонстрацияны тоқтатуға тыйым салынған. Билік митингтің нақты қауіпті екенін дәлелдеу қажет. Билік тарапы тек болжам жасап қана митингті тоқтатуына құқығы жоқ.

Ұлыбританияда Парламент жиналыс өткізіп жатса, весминистер сарайының ауданында митинг өткізуге тыйым салынған.

Н.Нығматулин

Үкім: Жартылай шындық

Ұлыбритания үкіметінің ресми сайтында вестминстер сарайының жанында митинг өткізуге тыйым салынғаны туралы айтылмаған. Заң бойынша митинг ұйымдастырушылар полицияға 6 күн бұрын жазбаша түрде хабарлауы тиіс.

Полиция мына 3 нәрсені білуі тиіс:

  • Митинг болатын күнді
  • Қай жерде ұйымдастырылып отырғанын
  • Ұйымдастырушының атын және тұрғылықты мекен-жайы

Полицияның мынаған құқығы бар

  • Митинг өткізетін жерді ауыстыруға немесе шектеу қоюға
  • Митингке қатысатын адам санын азайтуға
  • Жол қозғалысын немесе жаяу жүргіншілер жолдарын бұғаттаса митингті тоқтатуға

Лондонның Парламент алаңында митинг болды ма?

BBC сайтының мәліметінше, (2010 жылы 19 мамырда жарияланған материал) белсенділер Ұлыбритания Парламентінің алаңында топтап жиналды. Бір айдан кейін сот белсенділердің алаңнан кетуі туралы шешім шығарды. 50-ден астам наразылық білдіргендер парламент ғимаратының жанынан кетпей, Лондондағы Уайтхолл көшесі арқылы солтүстік бөлігіндегі жолды бөгеді.

Нығматулин Германия мен Ұлыбританиядағы митингке байланысты заң туралы
Наразылыққа шыққан адамдар

Кейін екі адамның Парламент қақпасына заңсыз кіргені белгілі болып, полиция оларды тұтқындады. Заңсыз наразылыққа қатысқандардың арасында: соғысқа қарсы демонстранттар, климаттың өзгеру мәселесін көтерген белсенділер, коммунистер, үйсіз қалғандар және анархистер бар.

Лондонның сол уақыттағы мэрі Борис Джонсон митингке шыққан адамдардың Парламент жанында тұрақтауы Парламент алаңына елеулі залал келтіргенін айтты. Сонымен қатар сот шешіміне риза болды.

Контекст

8 сәуірде мәжіліс «Бейбіт жиындарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі» туралы заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жіберді.

Қазақстандағы адам құқығы бойынша халықаралық бюро директоры Евгений Жовтис Азаттық радиосына берген сұхбатында бейбіт жиындар туралы заң жобасын дайындайтын парламенттегі жұмыс тобынан 31 наурызда шығатыны жөнінде хат жазғанын айтқан. Ол министрлік дайындаған заң жобасы демократия қағидаларына қайшы деп санайды.

Министрлік дайындаған заң жобасында шектеулер көп (ескерту қағазын жіберіп, жауабын үш күн күту керек; митинг өткізуге заңда көрсетілген бірнеше себеп бойынша рұқсат берілмеуі мүмкін; бұл себептердің біразы шерулер мен демонстрацияларға рұқсат сұрау тәртібін қалыптастырып, халықаралық құқықтың шектеулер туралы принциптерін бұзады). Министрліктің жобасы бейбіт жиын (пикет, митинг, демонстрация) сияқты қоғамдық құбылысқа жау сияқты қарайды.

Евгений Жовтис

Норвегиядағы Хельсинки комитетінің аға кеңесшісі Ивар Дале Азаттық радиосына берген сұхбатында бұл заңды қарсыласуға мүмкіндік жоқ кезде қабылданғанын айтты.

“Шекарасыз тілшілер” (Халықаралық журналистердің құқығын қорғау ұйымы) индексінде Қазақстан 180 елдің арасында 157-орынға көтеріліп, 2019 жылмен салыстырғанда тек бір сатыға жоғарылады.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бұл рейтингті объективті емес деп сынады. “Әділ сөз” ұйымының басшысы Тамара Калеева “Шекарасыз тілшілер” рейтингті биліктің уәдесіне емес, дәлелдерге сүйене отыра құратынын ескертті.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz