Әлемде заң үстемдігі төмендеп барады. Қазақстан 65-орында

Дүниежүзіндегі көптеген мемлекетте бесінші жыл қатарынан заң үстемдігі жағдайы нашарлап жатыр. Бұған World Justice Project ұйымының Rule of Law Index рейтиңі нәтижесі дәлел деп хабарлады “Голос Америки”.

Рейтиң елде сыбайлас жемқорлықтың болмауы, негізгі құқықтың қорғалуы, билік органдарының ашық болуы, олардың өкілеттіктерінің шектелуі, қауіпсіздік, заңдарды сақтау қабілеті, азаматтық және қылмыстық сот төрелігі сияқты көрсеткіштерге негізделген. Рейтиңде мемлекеттердегі жағдай шкала бойынша есептелген. Шкала көрсеткіші неғұрлым жоғары болса, соғұрлым сол елде заң үстемдігі жақсы.

Авторлар 140 мемлекетке талдау жасаған. Алғашқы ондыққа Еуропаның тоғыз елі – Дания, Норвегия, Финляндия, Швеция, Нидерланды, Германия, Люксембург, Эстония, Ирландия және Жаңа Зеландия кірді. Америка Құрама Штаттары өткен жылмен салыстырғанда бір сатыға, 26-орынға көтерілген.

Сарапшылар талдаған посткеңестік елдердің ішінде заң үстемдігі бойынша ең жақсы жағдай Балтық жағалауы елдерінде (Эстония 9-орында, Литва 18-орында және Латвия 24-орында) тіркелді. Ресей 2021 жылмен салыстырғанда алты позицияға төмендеп, 107-орынға жайғасқан. Ал Қазақстан 65-орында тұр.

Заң үстемдігіне қатысты ең нашар жағдай Ауғанстанда, Камбоджада және Венесуэлада тіркелген.

Factcheck.kz