Журналист Лұқпан Ахмедияров Қаңтар қырғыны туралы деректі фильм түсірді

Журналист Лұқпан Ахмедияров Қаңтар қырғыны туралы деректі фильм түсірді. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды.

“Қаңтар” деректі фильмі “Просто журналистика” деп аталатын Youtube арнасына жарияланды. Автордың айтуынша, олар фильмді екі жыл бойы Қазақстанның 12 қаласында түсірген.

Полиция мен әскерилер адамдарға оқ атқан елді мекеннің барлығында болдық. Аяғында 4 сағаттық фильм шықты. Stories-тегі сілтемені қараңыз. Пікір жазып, арнамызға жазылыңыз. Біз үшін бұл өте маңызды.

Лұқпан Ахмедияровтың Instagram-дағы жазбасы

 “Қаңтар” фильмі екі бөлімнен тұрады және ол жеке адамдардың ақшасына түсірілген.

Factcheck.kz