“Жұмақ қала”: фотоны NASA түсірген бе?

6 ақпанда Instagram желісінде бір жазба пайда болды. Онда NASA-ның ашқан жаңалығы туралы айтылады.

“Адамдар жақында NASA-ның желіде тарап кеткен видеосы мен суретін көріп таңғалды. Онда Жұмақ бейнеленген”, – делінген роликте. USA Today фактчекерлері бейненің қайдан шыққанын анықтады.

Видеода белгісіз бір “қала” көрсетілген. Оған қоса көп жұлдыз көрінеді. Оның сипаттамасында: “NASA-ның қоғамнан жасырған, 90-жылдарғы фотосы”, – делінген.

"Жұмақ қала": фотоны NASA түсірген бе?

Видео екі күнде 2 миллионға жуық рет қаралды.

Алайда бұл бейненің интернетте тарап жүргеніне көп жыл болды. Фактчекерлер NASA-ға хабарласып мән-жайды сұрап көрді. Агенттік өкілі Клэр Андреолидің айтуынша, бұл иллюстрацияға NASA-ның еш қатысы жоқ. Ол мұны “өнер туындысы” деп атады.

“Космос қаланың” суреті шамамен 2009 жылдан бері тарап жүр. Оны жалған, тылсым күштер туралы ақпарат тарататын Weekly World News те жариялады. Сайттың өзін сипаттамасында былай деп таныстарған:

“Weekly World News 100 000-ға жуық мақала жариялады және біздің арамызда өмір сүріп жүрген 300 ерекше құбылысты анықтады. Біздің репортерларымыз, Potenza премиясының лауреаттары күнде басқа БАҚ-тар ашық талқыламайтын түрлі оқиғаны анықтап, ашық айтады. Weekly World News — өзге ғаламшарлық, мутант, қастандық теориясы, библия пайғамбарлары, емдеу әдістері және саясат туралы ақпарат беретін беделді дереккөз. Weekly World News — Бэтбойдың, Манигатордың, Эри өзеніндегі құбыжықтың, PhD-маймылдардың П’Лод өзге ғаламшарлықтардың, кішкентай пілдердің, Хукер қар адамының және тағы басқа құбылыстардың ерлігі туралы жазған жалғыз басылым”.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz