Вакцина алған Джилл Байден екінші рет коронавирус жұқтырды ма?

Медиада “АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден вакцинаның толық курсын және қосымша екпелерді алса да, 2023 жылғы қыркүйекте екінші рет COVİD-19 вирусын жұқтырып алды” деген мәлімдеме тарады. Snopes фактчекерлері деректі тексерді.

Бұл — шын ақпарат. Бірінші ханымның әкімшілігінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі мәлімдемесінде: “Бүгін түнде бірінші ханымның COVID-19-ға қатысты тапсырған тесті вирус жұқтырғанын көрсетті. Қазір оның жеңіл белгілері ғана байқалады. Ол Делавэрд штатындағы Рехобот-Бичтегі үйінде қалады”, – делінген.

Джилл Байден осылайша коронавирусты екінші рет жұқтырып отыр. Бұған дейін ол 2022 жылғы тамызда ауырған. Ол кезде Байденнің коммуникациялар жөніндегі директоры Элизабет Александр бірінші ханымның бастапқы вакцинаның екі дозасын алғанын, кейін қосымша күшейткіш екпені алғанын мәлімдеген.

Пандемияның алғашқы айларынан бастап COVID-19-ға қарсы вакциналардың тиімділігі төмен екені белгілі. Дегенмен бұл вакцина вирусты жұқтыратындар мен одан қайтыс болатындар санын азайтуға көмектесіп жатқаны да бар. Сол себепті Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) сияқты денсаулық сақтау агенттіктері вакцинацияны ұсынады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz