Усама бен Ладен мен Джордж Буштың бірге отырған фотосы шынайы ма?

Желіде Усама бен Ладен мен Джордж Буш немесе Джордж Буштың әкесінің фотосы тарады. Олар Пентагонда жасырын кездескен деседі. Snopes фактчекерлері фотоның қаншалық шынайы екенін тексерді.

“О, құдайым-ай! Сол жақта отырған кім? Бен Ладен емес пе? Оның жанындағы кім? Буштың әкесі емес пе? “бен Ланден — террорист” деген адамның әкесі ме?”, – деп жазды Х желісінің қолданушысының бірі.

Усама бен Ладен мен Джордж Буштың бірге отырған фотосы шынайы ма?

Фото өңделген. Шын мәнінде, суретте бен Ладен емес, басқа адам бейнеленген. Оған қоса түпнұсқа фотода Джордж Буштың әкесі емес, Джордж Буштың өзі.

Усама бен Ладен мен Джордж Буштың бірге отырған фотосы шынайы ма?

Шынайы сурет 2001 жылы 12 қыркүйекте түсірілген. Онда үстел басында сол кездегі президент Джордж Буш, сол кездегі Қорғаныс хатшысы Дональд Рамсфельд, Қорғаныс хатшысының орынбасары Пол Вулфовиц, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Кондолиза Райс және тағы басқалары отыр. Олар 11 қыркүйекте болған терактіден соң Пентагонда бас қосқан.

Осылайша, көпшілік арасында тараған Буш пен бен Ладеннің фотосы өңделген.

Factcheck.kz