“Тынық мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі теміржол” — Байденнің сөзіне фактчек

АҚШ президенті Джо Байден Қоршаған ортаны қорғау лигасының өкілдерімен түскі аста Тынық мұхитынан Үнді мұхитына дейін теміржол салу жоспары бар екенін айтты. Оның бұл сөзін бірқатар ірі медиа да таратты. PolitiFact президенттің сөзін тексеріп көрді.

«Тынық мұхитынан Үнді мұхитына дейін темір жол салу жоспарымыз бар», — деді Байден.

Кейін “Мен сценарийден тайып кеттім, енді қиындыққа тап боламын”, — деп қосқан.

Фактчекерлердің пікірінше, Байден сценарий бойынша сөйлегені абзал еді. Өйткені көп ұзамай бәсекелес Республикалық партияның кейбір жақтастары мұхитаралық теміржол карталары мен су астындағы вагондардың суреттерін жариялап, президенттің сөзін мысқылдай бастады.

"Тынық мұхитынан Үнді мұхитына дейінгі теміржол" — Байденнің сөзіне фактчек

Шын мәнінде, Байден айтқан жоспар Үнді мен Атлант мұхиттарының порттарын байланыстыратын теміржол құрылысы жөнінде болған. Онда Тынық мұхиты қарастырылмаған.

АҚШ шынымен-ақ, Замбия арқылы Ангола жағалауындағы порттан Конго Демократиялық Республикасы мен Танзанияға жететін, Атлант мұхитынан Үнді мұхитына дейін созылатын Лобиту теміржол дәлізі құрылысын қолдауға 250 миллион доллар жұмсауды жоспарлап отыр. Ақ үйдің баспасөз қызметі фактчекерлерге Байден мәлімдемесінде осы жоба туралы сөз қозғағанын растады.

Осылайша, фактчекерлер “АҚШ президентінің сөзі шындыққа жанаспайды” деген қорытындыға келді.

Factcheck.kz