Түркиядағы жер сілкінісі: көпқабатты үйдің құлаған видеосы басқа елде түсірілген

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін желіде қираған ғимараттардың көптеген видеосы тарады. Дегенмен Reuters фактчекерлері олардың арасынан күні кеше болған зілзалаға еш қатысы жоқ бейнені анықтады.

Әлеуметтік желіде көпқабатты ғимараттың құлаған кадрлары жарияланды. Twitter-де жарияланған жазба 12 сағат ішінде 1 миллион қаралым жинаған. Оған қоса бұл видео Facebook-те де кеңінен тарады.

Түркиядағы жер сілкінісі: көпқабатты үйдің құлаған видеосы басқа елде түсірілген
видео скриншоты

Алайда бейнедегі көпқабатты үй Түркиядағы жер сілкісінен зардап шеккен ғимарат емес.

Шын мәнінде, онда 2021 жылғы 24 маусымда Майами маңындағы (Флорида, АҚШ) Surfside’s Champlain Towers South тұрғын үйінің құлаған сәті бейнеленген. Іздеу жүйесі арқылы осы видеоға қатысты көптеген жаңалық табуға болады (мұнда, мұнда және мұнда).

Контекст

Өткен жылы әлеуметтік желі қолданушылары Түркиядағы жарылыстың видеосын таратты. Көпшілік бейнеде 2022 жылғы 13 қарашада Ыстанбұлдың адам көп жүретін Истикляль көшесіндегі террорлық шабуыл деп ойлады. Бірақ фактчекерлер бұл алты жыл бұрын түсірілген видео екенін анықтады.

Factcheck.kz