Имам құтқарушы иттің аяғын сүйген бе?

Желіде түрік имамның жер сілкінісінен соң үйінді астында қалған адамдарды құтқарған иттің аяғын сүйіп тұрған фотосы тарады. Agence France-Presse мұның қаншалықты рас екенін тексеріп көрді.

Бұл фото бірнеше жерде жарияланды (мұнда, мұнда, мұнда). Оған қоса оны Малайзия, Пәкістан, Үндістан мен Канада сияқты елдердегі қолданушылар да бөлісті.

Фактчекерлер Google және Яндекстің кері іздеу жүйесі көмегімен көпшілік арасында тараған фотоның өңделгенін анықтады. Сурет осыдан 10 жыл бұрын түсірілген екі фотоның қосындысынан жасалған.

Иттің суреті Super Express газетінің 2011 жылғы 27 қазандағы бұрынғы поляк діни қызметкері Томаш Яешка туралы репортажында жарияланды. Түпнұсқа суретте Яешке тізе бүгіп, иттің аяғын сүйеді.

Ақпараттық басылымдардың хабарлауынша, Яешке католик шіркеуінен «жануарлар пасторы» болу үшін кеткен. Кейін ол Берлинде Animal Spirit шіркеуінің негізін қалады. Дәл осындай фото “Жануарлар рухы” шіркеуінің веб-сайтында және оның Facebook парақшасында да жарияланған.

Сонымен бірге Яешке AFP өкілдеріне фотода өзі екенін растады. Оның айтуынша, суретті италиялық фотограф Ватикандағы Әулие Петр алаңында түсірген.

Кейін фактчекерлер қоңыр шапан киген адамның суреті Ирактың діни қайраткері және саясаткері Аммар әл-Хәкімнің Flickr аккаунтына 2011 жылы жүктелгенін анықтады. Түпнұсқа суретте діни қызметкер Ирактың Басра провинциясына сапарында қарт адамның қолын сүйіп тұрғанда түсірілген.

Саясаткердің егде жастағы адаммен осыған ұқсас басқа фотолары 2011 жылғы 31 наурызда әл-Хәкімнің Facebook парақшасында “Басраға сапар, 2011″ деген фотоальбомында жарияланды.

Ол кезде әл-Хәкім Ирактың ең жоғарғы ислам кеңесінің (SIIC), елдің ең ірі шиіттік саяси партияның басшысы болған. 2017 жылы ол өзінің “Ұлттық даналық қозғалысы” деген партиясын құру үшін қызметінен кетті.

Төменде сол жақта Ирак діни қызметкерінің түпнұсқа суреті, ортада өңделген фото, оң жақта бұрынғы поляк діни қызметкерінің шынайы суреті көрсетілген.

Имам құтқарушы иттің аяғын сүйген бе?
AFP-тің скриншоты
Factcheck.kz