Түркия Израиль премьер-министрі үстінен Халықаралық сотқа шағымданды ма?

2023 жылғы қарашада интернетте Түркия Израильді “Газа секторында геноцид ұйымдастырды” деп айыптап, елдің премьер-министріне қарсы Гаага сотына шағым түсіргені туралы ақпарат тарады. “Проверено” мағлұматты тексерді.

Бұған дейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Израильді 2023 жылғы 7 қазандағы ХАМАС шабуылынан кейін, Газа секторындағы әскери операциясы кезінде әскери қылмыстар мен халықаралық құқықты бұзды деп айыптады. Ол мұны Нетаньяхуға қарсы сот ісі туралы хабар тарағанда мәлімдеді. Ердоған Израильді “террорист” деп атап, оның басшыларын Гаагадағы халықаралық қылмыстық сот алдында қылмыстары үшін жауап беруге шақырды. Екі аптадан кейін Ердоған өз партиясы алдында сөйлегенінде «Израиль заң алдында жауап береді» деп қайталап, Нетаньяху «өз есімін тарихқа Газаның қасапшысы ретінде жазып қойғанын» айтты.

Халықаралық қылмыстық сотқа бұл жағдайға қатысты Рим статутына кіретін елдер, палестиналық әкімшілік не БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесі шағымдана алады. Түркияның мұндай өкілеті жоқ. Оған қоса фактчекерлер Халықаралық қылмыстық соттың уеб-сайтынан Израиль премьер-министрінің үстінен түскен ешбір арызды таппады.

Түркияның Газа секторындағы геноцид үшін Нетаньяху үстінен сотқа шағым түсіргені туралы ақпарат 2023 жылғы 14 қарашада пайда болды. Бұл туралы түрік заңгері Мукахит Биринжи өзінің X (бұрынғы Twitter) парақшасында жазды. Оның айтуынша, ол басқа екі адвокатпен — Бурак Бекироғлы және Метин Кулункпен бірге Ыстамбұл бас прокуратурасына шағым жіберген. Шағым 23 беттен тұрады. Адвокат оның бірін сканерлеп, желіде бөліскенін айтады.

Алайда Түркияның Anadolu ақпарат агенттігі Түркияның прокуратурасы Әділет министрлігіне өтініш жолдағанын хабарлады. Оның авторларының бірі Бекироғлу ресейлік ТАСС ақпарат агенттігіне шағымның ХҚС-ға жіберілмегенін, Түркияның Әділет министрлігінде қаралып жатқанын түсіндірді.

Түркия Рим статутына кіретін елдің бірі болмаса да, Нетаньяхуға қарсы ХҚС-ға шағымданбаса да, сот прокурорларының назарын аудара алады. Ал олар өз кезегінде тергеуді бастап кете алады. Алайда материалды жазып жатқанда Түркияның Әділет министрлігі өз азаматтарының өтінішін ХҚС-ға жібергені және Гаага прокурорлары оны қабылдағаны туралы хабар болмады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz