Суықтан шаш түсетіні рас па?

Әлеуметтік желіде “қыста баскиім кимеген адамның шашы түсіп қалады” деген пікір тарап жүр. Factcheck.uz сайтындағы әріптестеріміз мәлімдемені тексеріп көрді.

Алайда бұл ақпарат — жалған.

Адамның басынан күн сайын 50-100 шаш, жылына 30 000 шаш түседі. Бас терісінде 100 000 шаш фолликулдары бар және олар үнемі өсіп және тоқтап тұрады.

Шаш күйзелістен, дұрыс тамақтанбағаннан, жыл мезгілінің өзгергенінен түседі. Мысалы, күзде шаш көп түссе, қыста және жазда аз түседі. Шаш көбіне жуғанда және тарағанда түседі. Бұл процесс — табиғи физиологиялық жағынан қалыпты нәрсе.

Цюрих университетінің ауруханасы зерттеу жүргізді. Оған алты жыл кетті. Нәтижесінде адамдардың шашы қыста аз түсетіні белгілі болды.

Factcheck.kz