Париждегі Украина елшілігіне шабуыл жасалған ба?

Париждегі Украина елшілігіне шабуыл жасалды деген ақпарат жарияланды. Оған дәлел ретінде Euronews-тің логотипі бар видео тарап жүр. Reuters Fact Check ақпаратты тексерді.

Кадрда француз фермерлері Париждегі Украина елшілігіне көң лақтырғаны көрсетілген дейді. Олар наразылығын сынағандарға осылай жауап берген-міс.

Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

Париждегі Украина елшілігі француз фермерлерін наразылықтарын тоқтатуға шақырған хат жолдады деген жалған ақпарат тараған. Содан кейін француз фермерлері елшілікке көң лақтырып, оларға кек қайтарған деседі. Видеода сол және FNSEA өкілі Арно Руссоның Украинаны мұндай талабын сынағаны көрсетілген дейді.

Бейнені интернетке 10 ақпанда Facebook пен X қолданушылары жариялады. Видеоның форматы, стилі Euronews-тің репортаждарына ұқсайды.

Алайда Reuters Euronews-тің мұндай репортажы шыққанын, Украина елшілігінің француз фермерлеріне қатысты хат жазғанын, елшілікке жасалған шабуылын немесе Руссоның мәлімдемесін растайтын дәлел таппады.

“Біз сіз айтқан видеоның жалған екенін және Euronews-ке еш қатысы жоқ екенін растай аламыз. Оны Euronews-тің журналистік стиліне, графикасына және форматына өте қатты ұқсатып жасаған екен”, – деп жауап берді Euronews өкілі Reuters-ке электрон пошта арқылы. FNSEA өкілі Reuters агенттігіне электрон пошта арқылы Руссо бейнеге қатысты түсініктеме бермегенін айтты.

Reuters агенттігінің мәліметі бойынша, видеода Париждегі Украина елшілігіне емес, Дижондағы Ла Тремуиль бульварындағы аймақтық кеңес ғимараты бейнеленген. Бейнені 15 желтоқсанда француз қаласындағы фермерлердің наразылығы туралы ақпарат жазып жүрген, штаттан тыс жұмыс істейтін журналист-фрилансер таратқан.

Factcheck.kz