NASA Жерді мұз арқылы салқындатпақ па?

Instagram желісінде NASA-ға қатысты бір видео жарияланды. Онда NASA-ның Жерді мұз арқылы салқындатуды жоспарлап жатқаны көрсетілген деседі. USA Today деректі тексерді.

“Достар, NASA-ның кейінгі жаңалығын естідіңдер ме? Олар атмосферамызды геоинженерлеу үшін, көміртегі шығарындыларын азайту үшін және климаттың өзгергенімен күресу үшін апта сайын атмосфераның жоғарғы қабаттарына екі тоннадан астам мұз төгуді жоспарлап отыр”, – дейді видеоның басында.

Алайда фактчекерлер климаттың өзгергенімен күресу үшін мұзды қолдану идеясы тек гипотетикалық түрде талқыланғанын анықтады. Посттағы құжат Ұлттық мұхиттық және атмосфералық басқармасына (NOAA) тиесілі. Оның NASA-ға қатысы жоқ. Құжатта бұл идея тек теория жүзінде түсіндірілген.

NOAA зерттеушілері ақпанда тропопауза мен стратосферадағы су буының концентрациясын азайту үшін “мұз түзетін бөлшектерді құру” идеясын зерттейтін мақаласын жариялады.

“Бұл зерттеу болғандықтан, NASA мұзды стратосфераға енгізуді жоспарлап отырған жоқ”, – деді NASA өкілі Лиз Влок электрон хатында.

NOAA құжатының анонсында АҚШ ғарыш агенттігі серіктес ретінде емес, тек дереккөзі ретінде аталды.

NOAA өкілі Тео Стейннің айтуынша, құжатта «стратосферадағы су буының мөлшерін азайтып, кейбір жаһандық жылынуды өтеуге болады» деген гипотетикалық процесті қарастырылған. Теория жүзінде бұл процесс жылудың көбірек атмосфераға кетуіне мүмкіндік береді, бірақ бұл – ұзаққа созылмайтын эффект.

Сондай-ақ құжатта көптеген жауапсыз сұрақтар, соның ішінде техникалық мүмкіндіктер, шығындар және күтпеген салдары да жазылған.

«Бұл идеяны жүзеге асыру жоспарда жоқ», – деді Стейн электрон хат арқылы жазған хатында.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz