Көк қарбыздың бар екені рас па?

Бірнеше жылдан бері интернетте көк қарбыздың фотосы тарап жүр. Алайда Dailydot.com сайты шын мәнінде мұндай қарбыздың жоқ екенін айтты.

Бұл сурет 2011 жылдан бері бірқатар жерге жарияланды (1,2,3). Кейбірі оны тіпті “Ай тәріздес қарбыз” деп атап кеткен.

“Көк қарбыз, ол – Ай тәріздес қарбыз”, – деп жазды бір адам желідегі парақшасына.

Көк қарбыздың бар екені рас па?

Алайда басылым мұның фейк сурет екенін, қолдан жасалғанын анықтады. Себебі мұндай қарбыз табиғатта жоқ.

Factcheck.kz