Қырғызстанда аптап ыстықтан бағдаршам балқып кетті ме?

8 маусымда әлеуметтік желіде Қырғызстанның Сокулук ауылында аптап ыстықтан бағдаршамның балқып кеткені туралы ақпарат тарады. Дәлел ретінде балқыған бағдаршамның суреті де бар. Factcheck.kg сайтындағы әріптестеріміз фотоны тексеріп көрді.

Қырғызстанда аптап ыстықтан бағдаршам балқып кетті ме?

Фактчекерлер кері іздеу жүйесі арқылы бұл суретті 2022 жылғы тамыз-желтоқсан аралығында Ресей, Израиль, Түркия қолданушылары бірқатар жерге және бірнеше мәрте жариялағанын анықтады. Өкінішке қарай, ең алғашқы дереккөз табылмады, дегенмен фотоның ең ерте жарияланған мерзімі  2022 жылғы 23 тамыз.

Желіде көптеген балқыған көлік пен бағдаршамның суреті бар. Алайда көп жағдайда олардың зақымдануының себебі ыстық күн емес, өрт болады. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын Factcheck.kg фактчекерлері Кувейтте ыстық күннен бағдаршам мен көліктің балқығаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды.

2017 жылы украиналық ақпарат агенттіктері “Киевте күн сәулесінен бағдаршам балқып кетті” деп тағы бір балқыған суретті жариялаған. Алайда кейін фотоның 2016 жылы Украинаның Ровно қаласында түсірілгені, аптап ыстықтан емес, бағдаршам астында тұрған көлік өртенгенде балқығаны белгілі болды.

2018 жылы Мексикада ыстық күннен бағдаршамның зақымданғаны рас, бірақ ол кезде ауа райы температурасы 55 градусқа дейін көтерілген. -40 градустан +50-60 градусқа дейінгі температурада бағдаршамдардың жұмыс диапазоны өзгеріске ұшырайды.

Гидромет мәліметінше, 8 маусымда Сокулук ауылындағы ауа райы температурасы 35 градустан аспаған және кей уақытта күн бұлтты болған.

Factcheck.kz