Ұялы телефон арқылы алғашқы фото 1997 жылы түсірілген бе?

Интернетте жаңа туған сәбидің фотосы тарады. Бұл ұялы телефонға түсірілген алғашқы сурет деседі. “Проверено” басылымы ақпараттың рас-өтірігін тексерді.

Бұл фото бірқатар жерде жарияланған (1, 2, 3, 4, 5). Кейбір жерде сәбидің суретін 1997 жылы Санта-Круз қаласындағы перзентханада әкесі Филипп Кан түсірген дейді.

Фото және видео түсіруге мүмкіндік беретін алғашқы ұялы телефонды – Visualphone VP210 телефонын 1999 жылы жапондық Kyocera компаниясы шығарды. Оның камерасы алдында тұратын. Оның салмағы – 155 грамм. Онда 20 фотоны сақтап, электрон пошта арқылы жіберуге болады.

Ал көпшілік арасында тараған фото туралы ақпарат бұрмаланған.

Ұялы телефон арқылы алғашқы фото 1997 жылы түсірілген бе?
© Филипп Кан

Суретті түсірген деген Филипп Кан – бірнеше технология компаниясының негізін салған өнертапқыш, инженер. Ол адамдарға ұялы телефон арқылы лезде суретке түсуге, оны интернетке жариялауға мүмкіндік беретін құрылғы ойлап тапқысы келді. 1997 жылы камерасы бар телефондар, Wi-Fi технологиясы болмаған. Ол уақытта адамдар интернетке кабель жалғап немесе ұялы байланыс арқылы кіретін. Кан өнертабысты ойлап тапқаннан кейін 20 жыл өткен соң қысқаметражды фильмде инженер сол кездегі технология шектеулерін қалай айналып өткенін айтады.

Инженердің айтуынша, баласының суретін достарына бөлісу үшін ол әйелі жатқан перзентханада тізесіне бірнеше құрылғыны қойып, құрастырып, түсірген. Ол фотоаппаратты, ұялы телефонды, ноутбукты бір-біріне қосқан. Барлық қажет зат жетпеген соң, инженер көлігіндегі телефонның жалғағышын қиып алып, қолданған. Камераға түсірген суретті кейін ноутбукқа жүктеген, кейін мобайл интернет арқылы ұялы телефоннан үйдегі компьютеріне жіберген. Ол жүйеге алдын ала бағдарлама кодын жазып қойған. Код арқылы сурет 2000 адреске жіберілген. Яғни ол телефонды камера емес, деректерді тасымалдау үшін интернет байланысын қамтамасыз ететін Wi-Fi-роутердің аналогы ретінде қолданылған.

Осылай, интернетте тараған нәрестенің фотосын ұялы телефон арқылы түсірілген алғашқы сурет деп атауға болмайды. Дегенмен бұл Канның жетістігінің маңызын төмендетпейді, өйткені бұл 1997 жылы жасалған революциялық сурет болды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz