Қазақстанда жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау камералары іске қосылды

Қазақстанда жасанды интеллект элементтері бар бейнебақылау камералары іске қосылды. Камера іздеуде жүрген азаматтардың бет-әлпетін таниды. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов X әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлады «Власть».

«Тамыздан бастап біз қашқындарды, борышкерлерді және із-түзсіз жоғалған адамдарды Алматы мен Атыраудағы бейнебақылау камераларынан автомат түрде тану үшін жасанды интеллект элементтері қосылған IT-әзірлеуімізді байланыстырдық. Екі күн ішінде тергеуден қашып кеткен екі адам мен із-түзсіз жоғалған екі адам анықталды», – деді Асылов.

Бас прокурор жасанды интеллект арқылы іздеуде жүрген адамдарды «жас пен сыртқы түрінің өзгерсе де, камералар арқылы табуға болатынын, бұл іздеу жұмысын айтарлықтай күшейтетінін» айтты. Асылов жүйені барлық аймаққа енгізуді тапсырды.

Контекст 

2023 жылғы тамызда қазақстандық БАҚ Алматы әкімдігі қалада алты мыңнан астам бейнебақылау камерасын орнатуды көздеп отырғанын жазған. Бұл қоғамдық тәртіпті сақтау және қылмыстың ашылуын арттыру үшін қажет екенін айтты. Мемлекеттік сатып алу порталын ақтара отырып, Factcheck.kz редакциясы жаңа камералардың қанша тұратынын және қайда орнатылатынын анықтады.

Сонымен қатар былтыр интернетте «Сергек» аппараттық-бағдарлама жүйесі (Сергек камералары) қытайлықтардың екені, осы камералар арқылы қазақстандықтардың деректері Қытайға сатылып жатқаны туралы жазуы бар видео тараған болатын. Factcheck.kz бұл мәлімдемені де тексеріп көрді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz