Intuitive Machines зондының Айға қонған бейнесі шынайы ма?

Әлеуметтік желі қолданушылары Intuitive Machines ғарыш зондының Айға қонған сәті түсірілген видеоны таратып жүр. Бірақ олар видеодағы көрсетілген бейнені түсіру мүмкін емес екенін, оның әдейі қолдан жасалғанын мәлімдеп отыр. Reuters басылымы видеоны және оған қатысты ақпарды тексерді.

Ролик биыл 22 ақпанда Intuitive Machines құрастырған ғарыш зонды Айдың бетіне қонғаннан кейін желіде жарияланды. Бұл – Жердің табиғи серігіне сәтті қонған жеке компанияның алғашқы ғарыш кемесі. Бұған дейін АҚШ-та ғарыш кемесі 50 жыл бұрын Айға қонған.

Бейнеде Ай зондының спутник бетіне баяу түскені көрсетіледі. Осы тұста адамдарда күмән туды, себебі бұлай түсіре алу үшін Айдың бетіне алдын ала камера орнатылуы керек.

Фактчекерлер мән-жайды анықтау үшін Intuitive Mechanics-ке хабарласты. Агенттік өкілі видеоның анимация екенін айтты.

Компания YouTube-қа 2022 жылғы 28 ақпанда «Intuitive Machines IM-1 Mission Animation» деген бейнені жариялады.

Осылай, ғарыш кемесінің қонғаны әдейі қолдан жасалды деген мәлімдеме расталмады. Агенттік анимация ретінде түсірген видеосын екі жыл бұрын жариялаған.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz