Илон Масктың компаниясы алғаш рет адам миына чип енгізді

28 қаңтарда америкалық кәсіпкер Илон Масктың Neuralink нейротехнология компаниясы алғаш рет адамның миына нейрочипті салды. Бұл чип адамға ойы арқылы гаджет қолдануға мүмкіндік береді, деп жазды The Insider.

“Кеше бірінші адам Neuralink имплантын салдырды, отадан кейінгі жағдайы жақсарып келе жатыр. Мұны ең бірінші аяқ-қолынан айырылғандар қолданады”, — деп жазды Маск Х желісіне.

Neuralink-тің алғашқы өнімі Telepathy (Телепатия) деп аталады. Ол адамға ой арқылы телефонды, компьютерді басқаруға мүмкіндік береді.

Сынақ кезінде науқастардың миына нейроинтерфейс – сыртқы құралдарды ой арқылы басқаруға көмектесетін чип енгізілді. Соның арқасында науқастар компьютердің курсорын, пернетақтасын басқара алады. Тестілеу процесі алты жылға созылады. 

2021 жылғы сәуірде компания миының екі жарты шарының қозғалтқыш қыртысына чип салынған маймылды көрсетті. Маймыл ойдың күшімен компьютер мониторындағы курсорды басқара алды және пинг-понг ойнады: курсор мидың қозғалтқыш қыртысында пайда болатын нейрондық белсенділіктің үлгілеріне байланысты қозғалды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz