Илон Маск Грета Тунбергтің Twitter парақшасын бұғаттады ма?

Желіде “Илон Маск экобелсенді Грета Тунбергтің Twitter парақшасын бұғаттады” деген дерек тарады. Reuters агенттігі ақпаратты тексеріп көрді.

Алайда материалды жазып жатқанда экобелсендінің парақшасы бұғатталмаған. Ал фактчекерлер Twitter мен Facebook-тегі жазбаларды шолып, ақпаратты алғаш таратқан дереккөзді тапты.

Бұл — Илон Масктың жасаған ең жақсы істерінің бірі. Жаңа ғана Илон Маск Twitter-де Грета Тунбергті бұғаттады“, – деп жазды әлеуметтік желі қолданушысының бірі. Оған қоса ол бір ресурсқа сілтеме жасаған.

Бірақ түпнұсқа мәтінде мұның шынайы жаңалық емес, сатира екені жазылған.

“Жақсы жұмыс, Илон”, – делінген тағы бір постта. Ол да сатира мазмұнындағы хабар екенін мәлімдеген сайтқа сілтеме көрсеткен.

Factcheck.kz