Google танымал жұлдыздардың жалаңаш тұрған фейк фотосын шығарып жүр

Google Image Search жүйесі атақты адамдардың жаңалаш, ішкиіммен тұрған фейк фотосы көп шығарып жүр. Оған қоса жүйе суреттердің жасанды интеллект арқылы жасалғанын ескертпеген. Қолданушылар суретті басса, нейрожелілер арқылы контент жасайтын сайтқа кіреді. Бұл сайт әйгілі адамдардың жаңалаш тұрған көптеген фотосын, порнография материалдарын ұсынады. Бұл туралы SecurityLab 404 Media және мәселені анықтаған журналист Эмануэль Окусамеге сілтеме жасап хабарлайды.

Окусаме Google Image Search-тің фейк суреттерді шығарып беретінін кездейсоқ байқап қалған. Ол Тейлор Свифт пен басқа да атақты адамдардың фейсбуктегі фан-парақшалары порнография мен алаяқтық мазмұнға толып кеткенін айтып, мәселені зерттеп көрген. Ол әншнің тілін шығарып тұрған фотосы қаншалық шынайы екенін білу үшін тексеріп көрген.

Ол Google-ға «Жағажайда күннен қорғайтын көзілдірік таққан Тейлор Свифт тілін шығарып тұр» деп терген. Сол кезде оған әншінің жасанды интеллект арқылы жасалған бірнеше фотосы шыққан. Жапониялық Pinterest сайтына жарияланған суреті шынайыға ұқсайды. Neural Love сайтына жарияланған фотоның жасанды интеллект арқылы жасалғаны, фейк екенін анық көрініп тұрды.

Журналист әншінің ішкиіммен, жалаңаш түскен фотосы шығып-шықпайтынын да тексерді. Ол 13 танымал әйелдің атын жазды. Олардың ішінде танымал әншілер де, блогерлер мен стримерлер де бар. Google әрқайсына жасанды интеллект арқылы жасалған фотоны шығарып берді.

404 БАҚ интернетте атақты адамдардың жасанды интеллект арқылы жасалған фейк суреттері көп екенін айтып, ескерту жасады. Бұған дейін олар Facebook және басқа платформалардағы ЖИ контентіне қатысты ұқсас мәселелерді атап өткен. Сарапшылардың пікірінше, жақында жасанды интеллект технологияларының дамуының салдары біз үйреніп қалған іздеу жүйелерін және олардың жұмыс істеу принциптерін түбегейлі өзгертуі мүмкін.

Factcheck.kz