Facebook қолданушыларынан айына 7,99 доллар ала ма?

Интернетте “Facebook компаниясы қолданбасы мен сайтын қолданатындардан ай сайын 7,99 доллар алмақ. Мұны 13-арнаның жаңалығы” хабарлады” деген ақпарат тарады. Snopes фактчекерлері деректі тексеріп көрді.

Дегенмен Facebook компаниясы қолданушыларынан өз қызметін пайдаланғаны үшін ақы алуға қатысты ешқандай мәлімдеме жасамаған. Фактчекерлер оны растайтын басқа да ақпаратты таппады. Оған қоса өзін “13-арна жаңалығы” деп атайтын бірде-бір ұйым бұл мәлімдемені растамады.

Бұған дейін компанияның қолданушыларынан 4,99 доллар алатыны туралы да мағлұмат тараған. Кейін ол жалған ақпарат болып шықты.

Айта кетері, бұған дейін Facebook олардың уеб-сайт қызметі жарнаманың арқасында істеп жатқанын мәлімдеген.

“Жоқ, біз сізден Facebook-ті қолданғаныңыз үшін ақы алмаймыз. Оның орнына біз Meta Company өнімдерінде жарнамаларды көрсету үшін жарнама берушілерден ақы аламыз. Бұл бізге Facebook-ті адамдардан ақы алмай-ақ, барлығына қолжетімді етуге көмектеседі”, – деген компания.

Factcheck.kz