DEMOSCOPE: Қазақстан азаматтарының 40%-інің ТЖ кезіндегі биліктің жұмысына көңілі толмайды

Азаматтар қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін халықты көбірек ақпараттандырып және жемқорлықпен күресу керек деп ойлайды.

2024 жылғы 6-10 ақпан аралығында DEMOSCOPE қоғамдық пікірдің эспресс-мониториң бюросы халық арасында «Қазақстанның төтенше жағдайға дайындығы» деген тақырыпта сауалнама жүргізді. Бұл жобаны MediaNet Халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр атындағы қордың қолдауымен және PAPERLAB зерттеу орталығымен бірлесіп жүргізіп отыр.

Кез келген төтенше жағдай кезіндегі маңызды нәрсе – биліктің оған қаншалық дайын екенін көрсету, тез әрекет ету және тұрғындарға дер кезінде ақпарат беру. DEMOSCOPE саулнамасына қатысқан респонденттің 39,6%-і шенеуніктердің жұмысына көңілі толмайтынын жеткізді. Ал 18%-і билік өзіне жүктелген тапсырманы өте нашар орындап жатқанына сенімді. Сауалнамаға қатысқандардың үштен бірінің (32,9%) биліктің ТЖ-ға дайындығына көңілі толада. Қалған 19%-і мемлекеттік жүйенің дайындығы жоғары деңгейде деп ойлайды.

Сонымен қатар қазақстандықтар ТЖ кезінде тұрғындарды ақпараттандыру сапасына күмәнмен қарайды. Азаматтардың 30,3%-і “ақпарат қолжетімсіз немесе жылдам ақпарат берілмейді” деп санаса, 28,6%-і “жеткілікті дәрежеде жылдам таратылмайды” дейді. 25,6%-і тұрғындарға ақпарат тез беріледі деп ойлайды. Тек 9,3%-і ТЖ кезіндегі ақпарат тарату жүйесін өте жоғары бағалаған.  

Азаматтың көбі (52,5%) ТЖ кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етудің ең тиімді тәсілі халықты барынша көп ақпараттандыру және жиі оқу-жаттығу жүргізу деп ойлайды.

Қазақстандық азаматтар жемқорлық пен салғырттық үшін жауапкершілікті арттыру да маңызды деп санайды (47,6%). Оған қоса сауалнамаға қатысқандар заманауи байланыс және ақпараттандыру жүйесін жасау (35,2%), арнайы қызметтің дайындығы мен халық жиналатын орындарды жабдықтау (29,6%), инфрақұрылымдық, әлеуметтік және тұрғын үй нысандарына мемлекеттік мониториңнің күшеюі (26,8%) керек екенін жеткізген. (Бұл сауалнамада бірнеше жауап нұсқасын белгілеуге мүмкіндік берілген).

DEMOSCOPE сауалнамасы ТЖ кезінде тұрғындардың қауіпсіздігіне кім жауапты екенін де көрсетті. Азаматтың 20,7%-і ең әуелі жергілікті билік пен арнайы қызметтер жауапты деп санайды,  12,6%-і президент және үкімет десе, 13,4%-і азаматтардың өзі деп ойлайды. Жауап бергендердің жартысынан көбі (50,5%) бұған жоғарыдағының бәрі бірдей жауапты деген нұсқаны таңдаған.  

Зерттеу нәтижесі қазақстандықтың жартысынан көбі (51,3%) Қазақстанда төтенше жағдай болатынына алаңдайтынын көрсетті. Ал 17,1%-і “алаңдамайтын сияқтымын” деп айтса, 26,7%-і Қазақстандағы төтенше жағдайға мүлде алаңдамайтынын жеткізген. Төтенше жағдайға қатысты көбіне әйелдер (55%) және 50 жастан асқан адамдар (58%) қорқады екен.

Азаматтың басым бөлігі жер сілкінісінен қорқатыны белгілі болды (41,3%). Жер сілкінісінен ауыл тұрғындарына қарағанда қала тұрғындары қорқады екен (36% және 46%). Оған қоса мына жағдайлардан қорқады:

  • эпидемия және пандемия (31,2%);
  • террорлық шабуыл және әскери қақтығыс (27,8%);
  • су тасқыны және су басу (25,4%); өрт (21,4%);
  • құрғақшылық (19,1%);
  • қарлы боран мен дауыл (12,7%) және әртүрлі техноген апатт (10,2%).

Тағы 15%-і ештеңеге алаңдамайтынын айтқан.

  • DEMOSCOPE: Қазақстан азаматтарының 40%-інің ТЖ кезіндегі биліктің жұмысына көңілі толмайды

Сауалнама қорытындысы бойынша, қазақстандық азаматтың едәуір бөлігі (38,3%) кейінгі үш жылда түрлі төтенше жағдаймен бетпе-бет келуіне байланысты алаңдаушылық жоғары деңгейде болуы мүмкін.

DEMOSCOPE зерттеуінің нәтижесі билік ықтимал төтенше жағдайларға дайындықты арттыруға, халықты ақпараттандыруға қатысты шараларды күшейтуі қажет екенін көрсетті. Қоғам алдын алу жүйесін жетілдіруді, азаматтарды оқу-жаттығуларға белсенді тартуды талап етеді. Бұл жағдайда Жапонияның тәжірибесіне сүйенген тиімді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz