БҰҰ: Тәжікстандағы әйелдер әртүрлі зорлық-зомбылық көреді

Тәжікстандағы әйелдер түрлі зорлық-зомбылыққа ұшырап жүр. Бұл туралы Біріккен ұлттар ұйымының Тәжікстандағы даму бағдарламасының өкілдері Х желісінде мәлімдеді.

Ұйым 2019 жылы зерттеу жүргізген, бірақ оның қорытындысын биыл 27 қарашада “Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн ” науқаны аясында жариялады.

Ондағы ақпарат бойынша, Тәжікстандағы әйелдердің 31%-і экономикалық зорлық-зомбылық, 21%-і психологиялық зорлық-зомбылық, 20%-і физикалық зорлық-зомбылық, 6%-і сексуал зорлық-зомбылық көріп жүр.

https://twitter.com/UNDPTJK/status/1729109098052935759

Айта кетері, Джорджтаун институтының әйелдер, бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатысты зерттеуі бойынша, Тәжікстан 177 елдің ішінде 90-орында.

Factcheck.kz