Беймәлім ұшқыш нысанын атып түсірген видео рас па?

13 ақпанда Instagram-да жарияланған видеода реактив ұшақ аспандағы бір объектіге ракета ұшырып, оны жарып жібереді (тікелей сілтеме, архив сілтеме). Бейненің сипатаммасында “НЛО-ны атып түсірді” деп жазылған. USA Today фактчекерлері видеоны тексеріп көрді.

Фактчекерлердің айтуынща, аталмыш бейне кем дегенде екі апта ішінде екі мыңнан астам лайк жинаған. Дәл осыған ұқсас жазба Twitter және Rumble-де жарияланды.

Беймәлім ұшқыш нысанын атып түсірген видео рас па?
Жазба скрині

Алайда USA Today көпшілік арасында тараған бейненің Digital Combat Simulator видео ойынының кадры екенін анықтады.

“Бұл шынайы кадр емес”, – деді Eagle Dynamics компаниясының қауымдастырылған продюсері, жауынгерлік ұшу симуляция ойынын әзірлеуші Скотт Ньюнам.

Негізінде бұл видео алғаш 12 ақпанда TikTok-та “F-22 Raptor vs Drone DCS | digital battle simulator” деген жазумен жарияланған. Кейін ақпарат бұрмаланып, Instagram және басқа желіде тараған.

Factcheck.kz