Желінің ағылшын тіліндегі аудиториясы арасында бір автокөлік жолының суреті тарады. Жолдың сол жағында аттың суреті бейнеленген. Әдетте онда велосипед айдайтындарға арналған жол екенін көрсетіп тұратын велосипедтің белгісі тұратын. Reuters фотоны тексеріп көрді.

Осы суретті жариялаған бір жазбаның сипаттамасында былай делінген: “Бүгіннен бастап аттарға тас жолдың жиегінде жүруге рұқсат етіледі”
Фактчекерлер Google-дың кері іздеу жүйесі фотоның алғаш рет 2017 жылғы 1 сәуірде BBC Countryfile Facebook журналына жарияланғанын анықтады. Сипаттамасында «Жаңа ереже велосипедшілер мен шабандоздарға Ұлыбританияның автомобиль жолдарының жиегінде жүйрік атын қолдануға мүмкіндік береді».Оған қоса онда Countryfile уеб-сайтының мақаласына сілтеме берілген, бірақ қазір ол бет істемей тұр.
Бұл сурет Alamy фотолар базасында бар.
Our Media компаниясының таза ауадағы жаттығу туралы жазатын BBC Countryfile Magazine журналы фактчекерлерге былай деді: «Бұл сурет 2017 жылғы 1 сәуірде BBC Countryfile Magazine журналының әлеуметтік желісіне әзіл ретінде жарияланған».
Осылай, фото жай ғана сәуірдің әзілі және ешқандай шынайы ақпарат емес.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.