Ангела Меркель Адольф Хитлердің қызы ма?

19 ақпан Instagram парақшасына жарияланған жазбада Адольф Хитлер мен Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркельдің туысқан екені жазылған. USA Today фактчекерлері ақпаратты тексерді.

“Төртінші рейх 2005 жылғы 22 қарашада Ангела Меркель Хитлер қайта қосылған Германияның канцлері ретінде ант берген кезде басталды. Ангела Меркель Хитлер Аргентинада немесе Батыс Германияда дүниеге келген. Оны Батыс Германияның Гамбург қаласынан келген Хорст және Ферлинд Каснер деген ерлі-зайыптылар асырап алған. Оның есімін Адольф Хитлердің әпкесі Анжеланың құрметіне Ангела деп қойған”, – делінген суреттегі мәтінде. Ал басқа бір фотодағы мәтінде “Меркель – Хитлердің қызы” деп жазылған.

Бұл жазбаға мыңдаған адам лайк басқан.

Алайда Ангела Меркельдің Адольф Хитлердің қызы екенін растайтын бірде-бір сенімді дерек жоқ.

Хитлер 1945 жылы өз-өзіне қол жұмсаған. Britannica мәліметі бойынша, Меркель 1954 жылғы 17 шілдеде Батыс Германияның Гамбург қаласында туған. Бір сөзбен айтқанда, Меркель Хитлер қайтыс болғаннан кейін 10 жыл өткен соң дүниеге келген.

Меркельдің әкесі – лютерандық пастор Хорст Каснер. Britannica мәліметі бойынша, ол қызы туған жылы отбасымен Шығыс Германияға қоныс аударған. Ол 2011 жылы қайтыс болды. Ангела Меркельдің анасы Херлинд Каснер мұғалім болған, бірақ кейін оған Шығыс Германияда өз мамандығы бойынша жұмыс істеуге тыйым салынды.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz