Алманың дәні улы ма?

Бірқатар медиада “алманың дәні улы” деген ақпарат тарады. Тіпті, кей аспаздық басылым осыған байланысты алманы жемеу керек екенін жазған. Онда олар бір алма дәнінде 0,4 миллиграм цианид бар екенін, ағзасы әлсіз адам бірден уланатынын мәлімдеген (мұнда, мұнда, мұнда). “Проверено” ақпаратты тексеріп көрді.

Фактчекерлердің хабарлауынша, алма дәнінде химиялық қорғауды қамтамасыз ететін органикалық қосынды амигдалин (C20H27NO11) бар. Амигдалин басқа заттармен әрекеттескенде цианид сутегісін түзеді. Оның сулы ерітіндісі “Гидроциан қышқылы” деп аталады. Гидроциан қышқылы шынымен де өте улы. Адам одан уланған жағдайда бірден ауруханаға баруы керек. Медицина қызметкерлері науқастың асқазанын шайып, оттегімен қамтамасыз етеді, антидот терапиясын жасайды.

Дегенмен алма дәнінен өліп қалу мүмкін емес. Біріншіден, алма дәніндегі амигдалин адамның ас қорыту шырындарына төзімді сыртқы қабатпен қорғалған. Дән кемірілмесе, амигдалин денеге кірмейді. Екіншіден, алма дәніндегі улы заттың мөлшері тым аз.

2015 жылы Ұлыбританиядағы Лидс университетінің ғалымдары 1 грамм дәнде алма сортына байланысты 1 граммнан 3,9 миллиграммға дейін амигдалин бар екенін есептеп білді. Алайда бұл мөлшер мүлдем қауіпті емес. Ас қорыту ферменттерінің әсерінен дәндегі 1 грамм амигдалин небәрі 0,6 миллиграмм цианид сутегін түзеді.

АҚШ-тағы Ұлттық денсаулық сақтау институтының токсикологиялық деректер желісіне сәйкес, адам салмағына, кейбір басқа факторға байланысты өлімге себеп болатын цианид сутегі мөлшері — 50-300 миллиграмм. АҚШ-тың ауруларды бақылау және алдын алу орталығы да (CDC) осыған ұқсас деректі бөлісті: 1 кг дене салмағына 1-2 миллиграм, яғни, адам өлуі үшін 200-ге жуық алма дәнін жеуі керек не 40 алманың әр дәнін тістеп, өзегімен бірге жеуге тиіс. Алманың орташа салмағы 100-ден 220 граммға дейін екенін ескерсек, 4-8 килограмм алмау жеу керек.

Адам асқазанына орташа есеппен 1 ​​литр тағам сыяды, 4 килограмм алма — жемістің орташа тығыздығын 760 кг/м3 десек, 5 литрға тең. Мұндай мөлшердегі алманы бірден жеу физикалық түрде мүмкін емес.

Factcheck.kz