Алексей мен Юлия Навальныйға “БАҚ еркіндігі үшін” премиясы берілді

Ресейлік оппозиция жетекшісі Алексей Навальный мен оның жұбайы Юлия Германияның «БАҚ еркіндігі үшін» премиясына ұсынылды. Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Марапат 17-19 сәуірде Тегернси көлінде өтетін жыл сайынғы Людвиг Эрхард саммитінде табыс етіледі.

Ресейлік оппозициялық саясаткер Алексей Навальный (қайтыс болғаннан кейін) мен оның жесірі «қарсыласу қозғалысында көрсеткен ерлігі» және «Ресейдегі қатігез диктатураға қарсы батыл күресі үшін» марапатқа ие болады.

Өзінің және марқұм күйеуінің марапатын Юлия Навальная алады. Марапаттау рәсімінде Германияның Христиан-демократиялық одағының (ХДҰ) төрағасы Фридрих Мерц сөз сөйлейді.

Жыл сайынғы саяси және экономикалық саммиттің ұйымдастырушысы – Weimer Media Group (WMG). БАҚ еркіндігі сыйлығын топтың баспагерлері Кристиан Гетц-Веймер мен Вольфрам Веймер құрған. Сыйлық пікір еркіндігі, саяси диалог және демократия үшін күрескен қоғам қайраткерлеріне беріледі.

Factcheck.kz