Актер Мел Гибсон антиизраильдық жазба жариялады ма?

Қарашада Instagram-да бір жазбаның скриншоты тарады. Жазба актер Мел Гибсонға тиесілі деседі. Жазбада Израильдің туы бар, бірақ туда құм сағаты бейнеленген. Бірнеше күнде жазбаға жүзден астам адам лайк басқан

Соңы жақындады және оны олар мұны біледі, сол себепті жолындағының бәрін құртқысы келеді.

Жазба мәтіні
Актер Мел Гибсон антиизраильдық жазба жариялады ма?

Алайда USA Today фактчекерлері жазбаға Мел Гибсонның еш қатысы жоқ екенін анықтады.

Актердың өкілі Алан Ниробтың айтуынша, Мел Гибсон мұндай жазба жарияламаған, оған қоса әлеуметтік желіде оның парақшасы да жоқ.

“Оның қоғамдық немесе жеке парақшасы жоқ”, – деді Алан Нироб.

Көпшілік арасында тараған скриншоттағы жазбаның қай әлеуметтік желіде жарияланғаны белгісіз, бір қарағанда Facebook жазбасына көбірек ұқсайды. Бірақ мұқият зерттеп қараса, бұл желінің форматына сай келмейтінін байқауға болады: кейбір белгісі жоқ, жарияланған күнін көрсететін «кеше» сөзі кішкентай әріппен жазылған, бірақ ол бас әріппен жазылуы керек.

USA Today агенттігінің хабарлауынша, Гибсон бұрын “антисемиттік сөздер айтты” деп айыпталған, бірақ актердың жоғарыдағы жазбаға қатысы бар екені туралы ешқандай дәлел жоқ.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz