Актер Чак Норристің қайтыс болғаны туралы ақпарат — фейк

2023 жылғы қазанда интернетте америкалық актер, 90-жылдардағы экшн-жұлдыз Чак Норристің қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. YouTube желісінде “Талантты актер Чак Норрис 82 жасында дүниеден өтті, қош бол, иманды болыңыз” деген тақырыппен видео шықты. Snopes фактчекерлері ақпаратты тексеріп, жалған екенін анықтады.

Авторлардың айтуынша, бұл — актердың өлімі туралы тараған алғашқы қауесет емес. Мысалы, бұған дейін “Чак Норрис коронавирустан қайтыс болды” деген мәлімдеме де жарияланған, бірақ фактчекерлер мұның да фейк дерек екенін әшкерелеген.

Жаңа қауесетке де негіз жоқ: 2023 жылғы қарашада актердың қайтыс болғанына қатысты ешқандай дәлел жоқ. Чак Норрис шынымен қайтыс болса, Associated Press сияқты беделді ақпарат агенттіктері 90-жылдардағы жұлдыздың өлімін еске алу үшін некрологтар жариялайтын еді.

Оған қоса фактчекерлер жалған ақпараттың Чак Норристің он жылдан астам үзілістен кейін кино саласына қайта оралғаны туралы хабармен қатар тарағанын атап өтті.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz