АҚШ-та еврейлердің жасырын жертөлесі табылды ма?

Әлеуметтік желіде “АҚШ-та синагоганың астынан (еврейлердің шіркеуі – ред) жертөлелер табылды деген ақпарат тарады. Ол жерде қан болған төсектер мен балаларға арналған арбалар табылды деседі. Factchecknet.uz-дағы әріптестеріміз мағлұматтың рас-өтірігін тексеріп көрді.

Алайда өзбекстандық фактчекерлер бұл деректің жалған әрі манипуляция екенін айтты.

Google FactCheck Tools құралдары ұсынған 10 фактчекиң мақалалары синагогаға қатысты ақпараттың жалған екенін көрсетеді.

АҚШ-та еврейлердің жасырын жертөлесі табылды ма?

Еврейлердің Хабад қозғалысының штаб-пәтері Нью-Йорктегі Краун-Хейтсте орналасқан. Желтоқсанда синагога астынан заңсыз жер асты өткелінің қазылғаны белгілі болды. Билік оның ғимараттарға зақым келтіріп-келтірмегенін тексермек болды, бірақ еврейлер қарсылық танытқан.

Хасидтер – Нью-Йорктегі еврей халқының бір бөлігі жертөлені коронавирусқа қатысты пандемия кезіндегі шектеулер болғанда синагогаларға жету үшін қолданған. Хабад өкілі Мотти Селигсонның айтуынша, жерасты өткелін жасау жұмысы синагога жанындағы тұрғын үйдің бос жертөлесінен басталған.

Туннельді салғандар қозғалыстың бұрынғы жетекшісі Менахем Шнирсон ұсынған «кеңейту» жоспарының бөлігі ретінде жүзеге асырылғанын мәлімдеді. Олардың айтуынша, жертөледегі синагога тар болғандықтан, оны кеңейту керек болған.

Оқиға кезінде 19 мен 22 жас аралығындағы тоғыз адам ұсталды. Тағы үш адамға “тәртіп бұзды” деген айып тағылды.

Factcheck.kz