АҚШ президенті “миымды табу үшін ота жасалды” деді ме?

Желіе АҚШ президенті Джо Байден айтты деген мәлімдеме тарап жатыр. Видеода АҚШ лидері оның “миын табу үшін” ота жасалғанын мойындаған-мыс. Көпшілік “президенттің бұл сөзі — оның деменцияға ұшырағанының белгісі” деп ойлады. “Проверено” басылымы ақпаратты тексеріп көрді.

АҚШ президентінің мәлімдемесінің үзіндісі бірқатар ақпараттық ресурста тарады (мұнда, мұнда, мұнда).

Вирустық видеоның екі нұсқасы бар: бірі — 12 секундтық, енді бірі — 17 секундтық. Екінші видеода Байден былай дейді: “Сапардан оралдым, бірнеше күн болмадым, менің қатты басым ауыра бастады. Маған диагноз қойды… қысқасы, [дәрігерлер] менің миымның бар-жоғын білу үшін басымды бірнеше рет ашуға мәжбүр болды”. Алайда Байденнің хирургия процесі туралы айқанда күлгені естіледі.

Байденнің артында 334 мыңнан астам кәсіби өрт сөндіруші мен фельдшердің мүддесін қорғайтын Халықаралық өрт сөндірушілер қауымдастығының аббревиатурасы (IAFF) мен логотипін байқалады. 2023 жылғы 6 наурызда Байден Уашингтондағы осы қауымдастықтың конференциясында сөз сөйледі. Дәл сол күні интернетте бас сүйегінің ашылуына қатысты видео пайда болып, кеңінен тарап кетті.

Ақ үйдің ресми сайтында Байденнің сөйлеген сөзінің транскрипциясы жарияланды. Ал америкалық президенттің әкімшілігінің Youtube арнасында шараның тікелей эфирінің трансляциясы бар. Фактчекерлер оларды тексеріп, тараған видеодағы цитатаның шынайы екенін анықтады.

Видеоның 05 минут 42 секундында АҚШ президенті бір кездері өрт сөндірушілер оны аман алып қалғанын айтады. Ал 05:51-ден 06:08-ге дейінгі бөлігі — көпшілік арасында тараған үзінді. Алайда бұдан кейін Байден бірден оның “миын табуға” қатысты оқиғаның әзіл екенін айтып, шын мәнінде қалай болғанын айтып береді:

Әзіл-қалжыңсз айтсақ, оқиға былай болды: қарлы боранда менде бас сүйегінің аневризмасы анықталды (мидағы қан тамырларының қабырғасының зақымдануы. – ред.) және шұғыл ота қажет болды. Көптеген адамға операция жасаған, аймақтағы, Уолтер Рид орталығындағы ең мықты дәрігер ота жасауы керек еді. Алайда мен ол жерге жете алмадым. Президент, республикашыл-президент онда Marine One-мен (бортында АҚШ президенті отырған кез-келген АҚШ Теңіз корпусының ұшу аппаратының атауы) баруымды ұсынды, бірақ ауа райына байланысты ұшақ ұша алмады. Сол уақытта жергілікті өрт сөндіру қызметі қарлы боранның ортасында мені тоғыз сағаттық операцияға апарып, өмірімді сақтап қалды“.

Байденға өзі әңгімелеп берген отасы 1988 жылғы ақпанда, елді республикашыл Рональд Рейган басқарғанда, АҚШ-тың болашақ 46-президенті Делавэрден сенатор болғанда жасалды.

Қорыта айтқанда, Джо Байденнің ота жайлы айтқан видеосы рас. Онда президенті өзіне бұрын жасалған ота туралы айтады, ал “миды табу” туралы әзілдейді. Желіде видеоның үзіндісі ғана тарап жүргендіктен, көпшілік оның сөзін дұрыс түсінбеген.

Factcheck.kz