Адамдар Sora құралы арқылы жасалған видеоны шынайы деп ойлайды – зерттеу

HarrisX мәліметі бойынша, АҚШ-тағы қолданушылар мәтінді видеоға айналдыратын Sora құралы арқылы жасалған және шынайы роликтің аражігін ажырата алмайды. Бұл туралы Variety хабарлады.

HarrisX Sora құралының презентациясынан кейін бірнеше апта өткен соң, 1000 ересек америкалықтың арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға қатысқанның басым бөлігі жасанды интеллект жасаған сегіз видеоның бесеуін шынайы деп ойлаған. Ал кейбірі шынайы бейнені жасанды интеллект арқылы жасалған деп есептеген.

Сонымен қатар сауалнамаға қатысқан адамның көбі жасанды интеллект арқылы жасалған контентті таңбалау керек екенін, үкімет шара қабылдау керек екенін айтады. Олар барлық контент – фото, видео, мәтін, музыка қадағалануы керек деп есептейді.

Басылымның хабарлауынша, Sora әлі көпшілікке қолжетімді емес, бірақ қазірдің өзінде алаңдаушылық туғызып отыр. Себебі ол АҚШ-тағы президент сайлауына, Голливудқа қатысты түрлі дипфейк таратуы мүмкін.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz