1895 жылғы сәуірдің 2023-ке қарағанда ыстық болуы жаһандық жылынуды терістей ме?

Желіде “1985 жылғы сәуірдегі ауа температурасының деңгейі 2023 жылғы сәуірдегіге қарағанда жоғары болды. Бұл – жаһандық жылудың өтірік екенінің дәлелі” деген мәлімдеме тарады. USA Today фактчекерлері деректі тексеріп көрді.

Бұл ақпарат 2023 жылғы 12 мамырда Twitter-де тарады. Онда АҚШ-тың ұлттық мұхит және атмосфера басқармасының (NOAA) 48 штаттағы 1895 жылдан бастап 2023 жылға сәуірге дейінгі орташа ауа температурасының диаграммасы көрсетілген.

“NOAA-дан: 2023 жылғы сәуірде өнеркәсіп дәуіріндегі атмосфера СО2 1000%-ке артса да, АҚШ-та 1895 жылғы сәуірге қарағанда салқынырақ. Қалдық салдарынан болған жылыну – өтірік”, – делінген онда (тікелей сілтеме, архив сілтеме).

CrowdTangle әлеуметтік желіні талдау құралының мәліметінше, Twitter-дегі ақпараттың сілтемесі Facebook-те төрт күн ішінде 60-тан астам рет жарияланған. Бұл жазбаны 2000-нан астам рет бөліскен.

Мэн штатындағы университеттің доценті және климатологы Шон Биркелдің айтуынша, бөлшек әрі қысқа екі уақыт аралығын салыстыру және ол арқылы климаттың жаһандық өзгерісін анықтау тиімді әдіс емес.

“Климат тенденцияларын анықтау үшін кейінгі ай мен маусымды ғана емес, ұзақ мерзімді бақылаудың жазбасын зерттеу қажет”, – деді ол басылымға жіберген электрон хатында.

Қарастырылып отырған диаграмма NOAA-ның “Ұлттық уақыт циклдері” деген құралынан алынған. Оған сәйкес, 1895 жылғы сәуір 2023 жылғы сәуірге қарағанда жылы болғаны рас. Алайда оған қоса онда 1895 жылдан бастап, жалпы бір ғасырдағы сәуір температурасы 1,2 градусқа жоғарылағаны да айтылған. Бұл дерек көпшілік арасында тараған ақпаратта жазылмаған.

Сонымен қатар онда 1895-2022 жыл аралығында АҚШ-тағы жалпы температура 2 градусқа көтерілгені көрсетілген. NASA мәліметінше, 1880 жылдан бері жаһандық орташа температура шамамен 2 градусқа өсті.

Жаһандық жылынудың ұзақ мерзімді тенденциясына қайшы келетін қысқа мерзімді немесе жергілікті жазбаларды әрдайым табуға болады“, – деп мәлімдеді басылымға NASA-ның Годдард ғарыш зерттеулер институтының директоры Гэвин Шмидт.

USA Today журналистері көпшілік арасында тараған ақпаратты бөліскен Twitter қолданушысынан түсініктеме сұрады, бірақ материалды жазып жатқан уақытта одан жауап келмеді.

Factcheck.kz