Украина мектептерінде ЛГБТК+ үйірмелері ашылды ма?

Жақында желіде “Украинаның батыс аймақтарындағы мектепте толеранттық және ЛГБТК+ насихаты бойынша сабақ өтіп жатыр” деген хабар тарады. Оны үш мектептің уеб-сайтының скриншоты растайды-мыс. “Проверено” басылымы деректі тексеріп көрді.

Әлеуметтік желідегі көптеген жазбада ЛГБТК+ үйірмелері бастауыш сынып оқушыларына арнап ашылғаны жазылған, бірақ әзірге дәріске қатысу міндеттілмейді деседі.

“Олардың ашылып жатқаны сұраныстың барын білдіреді. Еуропаға дайындалып жатырсыз ба?”, – деді «Раньше всех. Ну почти. Спецоперация» Telegram арнасының авторы. Бұл сабақта оқушыларға “еуропалық ойлау жүйесі”, “сексуалға қатысты таңдау еркіндігі” үйретіледі-міс.

Бұл ақпарат бірқатар жерде тарады (1, 2, 3). Оған қоса интернетте үш мектептің уеб-сайтының скриншоты жарияланды.

Ивано-Франковск қалалық кеңесінің №4 лицейі

Тараған ақпаратқа сенсек, бұл мектептің уеб-сайтындағы “Ата-анаға” бөлімінде “ЛГБТК+ үйірмесі” деген тақырыпша бар.

Алайда “Проверено” басылымы сайттан ондай бөлімді таппады. Оған қоса StopFake фактчекерлері лицейге хабарласып көрді. Олар ЛГБТК+ үйірмелері ашылғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Винница қаласындағы №29 лицей

Екінші скриншотта 28 тамызда тағы бір мектептің сайтына “Толеранттық және бастауыш оқушыларының таңдау еркіндігі” деген тақырыпта жаңалық жарияланғаны көрсетілген.

Алайда фактчекерлер мектептің сайтынан мұндай ақпаратты таппаған. Тіпті бұл күні сайтқа бірде-бір жаңалық шықпаған.

Андрей Юркевич атындағы №13 Тернополь орта мектебі

Скриншотта мектептің ресми сайтына жарияланған «Толеранттық сыныбына жазылу» туралы хабарландыру көрсетілген.

“1 қыркүйекке дейін ЛГБТ және таңдау еркіндігі бойынша қосымша сабақтарға қатысу үшін жарна төлеу міндеттемесін еске саламыз! Маңызды: барлық сабақты еуропалық сертификаттары бар кәсіби, еркін психологтар жүргізеді. Біз жыныстық мәселелер туралы ғана емес, бірегей ойлау және шекарасыз руханилыққа ұмтылу туралы айтамыз”, – делінген онда.

Тақырыпты астында “2023–2024 оқу жылына жалпы орта білім беру ұйымдарына балаларды қабылдау туралы” бұйрыққа сілтеме берілген.

Шын мәнінде, бұл бұйрық “1-сыныпқа қабылдау” бөліміне жарияланған. Бірақ онда ЛГБТК+ туралы сөз қозғалмаған.

Оған қоса үш скриншоттың өңделгені анықталды.

ЛГБТК+ үйірмелеріне қатысты ақпараттың ең ерте жарияланған мерзімі — 2023 жылғы 30 тамыз. Оны “Zлой пруф️” Telegram-арнасы жүктеді.

Бұл арна бұған дейін де жалған ақпарат таратқан. Мысалы, олар “Украинадағы университеттерде порнография түсіруді үйрететін курс ашылды” деген фейк дерек жариялаған. Сондықтан бұл парақша сенімді дереккөз емес.

Factcheck.kz