Фактчек | Баймағамбетов инфляция туралы

9 маусымда өткен Мәжілістің жалпы отырысында депутат сауалына жауап берген Ұлттық банк төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов Қазақстандағы және шетелдегі инфляция деңгейі туралы дерек келтірді. Factcheck.kz А. Баймағамбетов сөзінің қаншалықты шындыққа жанасатынын тексерді.

Ақылжан Баймағамбетовтың мәлімдемесі

Мысалы, биылғы жылғы сәуірде АҚШ-та инфляция 4,2% болды, Ресейде де инфляция мамырда 6%-дан астам болды. Қазақстандағы инфляция мамыр айының қорытындысы бойынша, 7,2% болды, оның ішінде азық-түлік инфляциясы сәл төмендеп 9,3% болды. Сонымен қатар, жанармай, киім және аяқ-киім бағаларының өсу нәтижесінде азық-түлікке жатпайтын инфляция ол 6,7%-ға дейін жеделдеді. Сервистік инфляция ол 5,1%-ға дейін өсті.

Ақылжан Баймағамбетов

Үкім: Шындық

Шынымен-ақ АҚШ-та 2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың сәуіріне қала тұрғындары үшін инфляция деңгейі 4,2%-ке өскен. Бұл 2008 жылдың қыркүйегінен 12 ай аралығында (сол кездегі көрсеткіш — 4,9%) ең көп өскен көрсеткіш.

Фактчек | Баймағамбетов инфляция туралы
АҚШ-тағы инфляция деңгейінің өзгерісі. Дереккөз: Rateinflation

Росстат дерегінше, Ресейде инфляция деңгейі 2021 жылдың мамыр айында былтырдың мамырынан 6,02%-ке өскен.

Фактчек | Баймағамбетов инфляция туралы
Ресейдегі инфляция көрсеткіші

Статистика бюросының дерегінше, Қазақстанда 2020 жылдың мамырынан биылдың мамырына дейін, яғни 12 айда инфляция деңгейі 7,2%-ке өскен. Бұл 2021 жылдың сәуірінен 0,7%, ал 2020 жылдың желтоқсанынан 3,5%-ке өсті дегенді білдіреді. 12 айда азық-түлік инфляциясы 9,3%-ке, азық-түлікке жатпайтын тауар 6,7%-ке, жұртшылыққа арналған ақылы қызмет 5,1%-ке өскен.

Фактчек | Баймағамбетов инфляция туралы
Қазақстандағы инфляцияның негізгі көрсеткіштері

Фактчекер-журналист. Organised Crime and Corruption Reporting Project ұйымында тағылымдамадан өтті, Factcheck.kz сайтының авторы әрі шығарушы редакторы.

Factcheck.kz