”Слова пацана” сериалы: Татарстанда жаңа туған сәбидің атын Чушпан деп қойған ба?

Жақында әлеуметтік желіде Татарстан тұрғыны жаңа туған баласының атын “Слова пацана” сериалындағы слең сөз – “Чушпан” деп қойғаны жөнінде ақпарат тарады. “Проверено” басылымы деректі тексерді.

Бұл мағлұмат бірқатар жерде жарияланды (1, 2, 3). Бір медиада бұған қатысты сюжет шықты: “7 желтоқсанда Telegram арналарында жаңалық тарай бастады: қазандық Нығматуллиндер отбасы ұлының атын Чушпан деп қоюды ұйғарды. Бұл сөз жақында шыққан «Слова пацана: Кровь на асфальте» сериалында аудандағы, көшедегі топтардың мүшесі емес адамдарды сипаттау үшін қолданылған. «Неге ұлымызға бұл есімді таңдадық? Әйелім екеуіміз сериалды көрдік және Adidas (фильмдегі бас кейіпкерлердің бірінің лақап аты) дегенге қарағанда осы есім қызығырақ көрінді. Сериал бәріне ұнады, оған қоса туған жеріміз Қазан туралы”.

Биыл қарашада жарық көрген “Слова пацана: Кровь на асфальте” сериалында 1980 жылдардағы көшедегі бандалардың өмірі баяндалады. Сериалдың бас кейіпкері – ешбір топқа жатпайтын салмақты, еңбекқор мектеп оқушысы. Мұндай балаларды сериалда “Чушпан” деп атайды. Сюжет желісінің жартысы жас кезінде банданың құрамында болған қазандық журналист Роберт Гараевтың кітабы бойынша түсірілген.

Туындының барлық сериясы шығып үлгермесе де, сериал көпшілік арасында кеңінен танылды. Тіпті Ресей мен Қазақстанда оған тыйым салынуы мүмкін. Ал Украинаның мәдениет және ақпарат саясаты министрлігі фильмнің атауын атамай-ақ, украиналықтарды сериалды көрмеуге шақырды.

Татарстанда туған баланың атауына қатысты ақпарат ең ерте 7 қарашада “Империя очень зла” деген Telegram арнасында жарияланды. Алайда бұл арна сипаттамасына фейк немесе сатира ақпарат тарататынын ескертіп, жазып қойған. Мағлұматты таратқандар мұны ескермеген болса керек. Арна авторы сатира ретінде жазған жазбасының ел ішінде шын дерек ретінде тарағанын көріп, ертесі “Бұл бір қызық жағдай (аңшылық) болды”, – деп жазды.

Осылайша, Татарстанда жаңа туған сәбидің атын Чушпан деп қойғаны туралы ақпарат сатира ретінде жазылған болып шықты.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz