Зеленский сахнада зымыранмен биледі ме?

Әлеуметтік желіде қолданушылары танкке қарсы зымыран жүйесіне ұқсайтын затпен сахнада билеген адамның сапасыз видеосын тарады. Көпшілік бейнедегі Украина президенті Владимир Зеленский деп топшалаған.

Reuters фактчекерлері видеода кімнің өнер көрсетіп тұрғанын анықтады.

Зеленский сахнада зымыранмен биледі ме?
Видеоның скриншоты

Зеленскийге ұқсайтын ер адамның бір минуттық музыкалық клиптегі образын жүздеген мың адам көрді.

«Өзінің және барлық украиналықтың өмірі үшін жантүршігерлік шайқастың ортасында жүрген Зеленскийді тоқтатайық»,-деп жазды Twitter-дің бір қолданушысы. Кейін оның жазбасын басқалар да бөлісті, жариялады (мұнда, мұнда, мұнда және мұнда).

Алайда фактчекерлер видеодағы адамның өзін Зеленский деп таныстыратын пародист екенін анықтады. Оның басқа адам екенін TikTok-тағы жоғары сапалы видеодан байқауға болады.

Әртістің басқа да образдарын Youtube арнасынан да көруге болады.

Осылайша, видеода президенттің өзі емес, Зеленскийдің пародисті бейнеленген болып шықты.

Контекст

Жақында бір топ суретшінің Варшавада салған 3D граффитиінің суреті тарады. Онда қара құрдымға түсіп бара жатқан Украина президенті Владимир Зеленский қаптағы ақшаны жалмап жеп жатады. «Проверено» фактчекерлері Польша астанасында шынымен мұндай өнер туындысының бар-жоғын тексерді.

Factcheck.kz