Байден мен Зеленскийдің “әдепсіз” фотосы — фейк

Желі қолданушылары Украина президенті Владимир Зеленский мен АҚШ президенті Джо Байденнің АҚШ-тағы кездесу кезіндегі “әдепсіз” суретін тарата бастады. Онда Байден қолымен Зеленскийдің жамбасын ұстап тұр. Reuters Fact Check фотоны тексеріп көрді.

Әлеуметтік желі қолданушылары Байден, Зеленский және АҚШ-тың бірінші ханымы Джилл Байден бейнеленген суретті бірнеше жерде жариялады (мұнда, мұнда және мұнда).

Байден мен Зеленскийдің "әдепсіз" фотосы — фейк
Twitter-ден скриншот

Алайда америкалық президенттің әйелі Twitter-де бөліскен түпнұсқа суретте Байденнің қолы Зеленскийдің белінен жоғары, яғни арқасында.

Байден мен Зеленскийдің "әдепсіз" фотосы — фейк
Twitter-ден скриншот

Бұл фото жақында Зеленскийдің Ақ үйге барған сапары кезінде түсірілген.

Интернетте президенттердің кездесуі кезінде түсірілген осыған ұқсас бірнеше сурет бар. Сенімді дереккөздердегі фотоларда да Байден Зеленскийдің арқасынан ұстап тұр.

Осылайша, фактчекерлер сурет өңделген деген қорытындыға келді.

Контекст

Әлеуметтік желі қолданушылары танкке қарсы зымыран жүйесіне ұқсайтын затпен сахнада билеген адамның сапасыз видеосын таратты. Көпшілік бейнедегі Украина президенті Владимир Зеленский деп топшалаған. Алайда фактчекерлер видеода кімнің “өнер көрсеткенін” анықтады.

Factcheck.kz