Өзбекстан мен Қазақстанда TikTok бұғатталды ма?

2023 жылғы 1 ақпанда Қырғызстанның жоғарғы кеңес отырысында депутат Шайлообек Атазов елде TikTok желісін жабуды талап етті. Оған қоса ол “Қазақстан мен Өзбекстан сияқты елдерде TikTok жоқ”, деп айтты.

Factcheck.kg фактчекерлері депутаттың мәлімдемесін тексерді.

Өзбекстанда шынымен TikTok әлеуметтік желісі бұғатталған. Мұндай шешімді Өзбекстанның ақпараттандыру және телекоммуникация саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекциясы 2021 жылғы шілдеде Өзбекстан Республикасының “Дербес деректер туралы” заңның 271-бабының бұзылуына байланысты қабылдады. Бүгінде ол елде әлеуметтік желі дұрыс жұмыс істемейді, дегенмен өзбекстандықтар TikTok-қа VPN арқылы кіре алады.

Ал Қазақстан, керісінше, Tiktok-пен ынтымақты арттырып жатыр. TikTok өкілдерінің мәліметінше, желіні ай сайын 7 миллионнан астам тіркелген қазақстандық қолданады.

Шығыс Еуропадағы TikTok өкілдігінің директоры Олег Соколов Қазақстан билігімен кездесу барысында ұлттық театрлар мен мұражайларды ілгерілету және мәдени-танымдық мазмұнды дамыту ниетін мәлімдеді. Ал Қазақстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров компанияның Қазақстандағы өкілдігін ашу мүмкіндігін қарастыруды ұсынды және компанияның елдегі бастамаларына жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін хабарлады.

Сонымен қатар 2023 жылғы қаңтардың соңында Ақорданың баспасөз қызметі де Tiktok желісіне тіркелді. Қазір парақшаның 136,7 мың жазылманы бар.

Оған қоса қазақстандық блогерлердің TikTok арқылы миллиондаған теңге табатынын атап өткен жөн. Мәселен, TikTok үйлелердің бірі – BIP.house 2021 жылы жазылман саны бойынша дүниежүзі бойынша үшінші, ал ТМД бойынша бірінші орын алды.

Осылайша, Factcheck.kg фактчекерлері депутаттың мәлімдемесінің тек жартылай шындық екенін анықтады.

Factcheck.kz